Арқалық қаласындағы ұзақ жылдары бойы бос тұрған бұрынғы «Қазақстан» кинотеатры күрделі жөндеуден өтіп, ел игіліне берілді.
Жаңа нысан спорт кешеніне лайықтап салынған. Онда волейбол, баскетбол, үстел теннисі және жаттығу залдары жұмыс істейді.
Жаңа нысанның керме жібіні спортта үздік нәтиже көрсетіп жүрегн қала жастары қиды. Қонақтар мен қала тұрғындары ғимарат ішін аралап, споршылармен бірге естелік суретке түсті.
Бүгінгі күні қалада көп қабатты тұрғын үйлердің де көптеп жөнделіп жатыр.
Айта кету керек, Арқалықа ұзақ уақыт бойы бос қалған Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің оқу корпусы қайта жөндеуден өтіп жатыр. Жобаны жүзеге асыруға мемлекеттік қордан 2 млрд теңгеге жақын қомақты қаражат бөлінген. Құрылыс мердігері «Алюменстрой» ЖШС бас директоры Абай Мұқановтың айтуынша, қазіргі таңда ғимаратқа қажетті терезелердің басым бөлігі салынып, кіреберіс және қасбетін өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Сыртқы және ішкі монтаждау жұмыстары қарқын алып, төменгі қабаттың едені тегістеліп жатыр.
Ғимаратты қалыпқа келтіру жұмыстары тамыз айында ғана басталған. Құрылысшалыр уақытпен санаспай, қарқынды іс атқаруда. Нысан тез арада толығымен қоқыстан тазартылып, құрылыс ошағын қалпына келтіру, маңайын абаттандыру шаруалары бірден қолға алынған.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ
О путях передачи инфекции, современных методах лечения и важности своевременного тестирования. (далее…)
Ежегодно в последнее воскресенье октября в Казахстане отмечается День работников системы социальной защиты. (далее…)
Соревнования были посвящены памяти ветерана спорта Наурзумского района, уроженца села Раздольное Албастова Хусейна Ахмедовича. (далее…)
«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иелері мемлекеттік наградамен марапатталды. (далее…)
Кәсіпкерлік – ел экономикасының тірегі, ауылдың әлеуметтік дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттырудың маңызды тетігі. (далее…)
Одним из важных шагов в этом направлении стало расширение системы видеонаблюдения. (далее…)
This website uses cookies.