Қостанай облысындағы Арқалық қаласында бос тұрған әлеуметтік нысандар қалпына келтіріліп, спорттық мақсаттарға беріліп жатыр. Қалада осындай 20-дан астам ғимарат бар.
Қазіргі таңда жөндеуден өткен ғимараттар спорт залдары мен кешендерге айналуда. Арқалықта спортпен шұғылданатындар саны – 17 мың адам, бұл қала халқының 45 пайызын құрайды. Қаладағы жалғыз қолжетімді спорт нысаны – «Жігер» стадионы. Ол күніне таңғы 8-ден түнгі 12-ге дейін жұмыс істейді. Аптасына мұнда шамамен үш мың адам келеді.
– Қазіргі жүктеме өте жоғары. Мұнда қала тұрғындарымен қатар, спорт мектебінің оқушылары, колледж студенттері және түрлі құрамалар жаттығады, – деді Арқалық қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айтжан Мәліков.
30 жылдан аса уақыт бос тұрған бір ғимарат биыл толық қалпына келтіріледі. Онда дарынды балаларға арналған спорт интернатының жатақханасы орналасады. Жақын маңда күрес залы да салынбақ. Бұл мақсатқа бюджеттен 1,2 миллиард теңге бөлінді.
Жақын арада тағы екі ғимаратты қайта жаңғырту жоспарланып отыр. Оның бірі – бұрынғы «Қазақстан» кинотеатры, енді спорт нысанына айналмақ. Екіншісі – ауыл шаруашылығы басқармасының бұрынғы ғимараты, ол қалалық институттың оқу корпусы ретінде пайдаланылмақ.
– Спорт интернаты бойынша мердігер анықталды. Ал кинотеатр ғимаратына қатысты конкурстық рәсімдер жақын арада жарияланады, – дейді Арқалық қалалық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Асылбек Шоқақов.
Қазіргі таңда Арқалықта спорттың 30 түрі дамып келеді. Ең танымал түрлер — дзюдо, қазақ күресі, ауыр атлетика, бокс, футбол және тоғызқұмалақ. Жастар арасында ММА, панкратион, самбо сияқты бағыттарға қызығушылық артып келеді.
– Жаңа спорт кешені ашылса, бүгінде жекеменшік немесе жертөледе жаттығып жүрген балаларды бір орталыққа жинақтауға мүмкіндік туады,- дейді Айтжан Мәліков.
Қалада бос нысандарды қайта жаңғыртумен қатар, екі дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен жабық мұз айдынын салу жоспарланып отыр.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Биыл Жангелдин ауданында мал шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар…
Қостанай облысында «Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында мектеп аулалары жеміс бағына айналып келеді.…
Торғай өңірінде хирург пен фельдшер мамандарына сұраныс бар. Алдағы екі жылда Тәуіш, Көкалат және Ақшығанақ…
Қырым ауылының тұрғыны – Старицындер отбасы қайырымдылық жасауға асық тұратын жандар. Айналаны көгалдандырып, қоғам игілігіне…
Не успели, как говорится, отгреметь фанфары по поводу поездки в Пакистан, а уже новые, яркие…
Пилотный проект начали реализовывать с начала года. (далее…)
This website uses cookies.