Арқалық қаласында тері өңдеу зауытының жұмысын қайта бастау жоспарлануда. Бұл кәсіпорын бірнеше жылдар бойы тоқтап тұрғанымен, өңірдің инвестициялық жоспарына қайта енгені хабарланды.
Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асановтың айтуынша, жуырда зауытқа жаңа инвестор келген. Олар 6 млрд теңгеден астам қаржы салуды жоспарлап отыр. Инвестициялық жоба үш кезеңнен тұрады: алдымен бұрынғы жабдықтарды қалпына келтіріп, өндірісті іске қосу; екінші кезеңде жаңа технологиялық жабдықтарды орнату; және соңғысында екі жыл ішінде өнім көлемін үш есеге арттыру көзделген.
Арқалықтағы тері өңдеу кәсіпорны бұрын да әртүрлі тері шикізатын дайындап, соның негізінде өнімдер шығарған. Соңғы жылдары зауыт жанынан арнайы киім тігу цехы ашылып, онда қорғаныс киімдері мен ұлттық стильдегі сөмкелер жасалған болатын. Алайда 2023 жылы өндіріс геосаяси қиындықтарға байланысты тоқтап қалған.
Жаңа инвесторлар Қытай Халық Республикасынан келген және өңірдегі ет комбинаттарымен шикізат жеткізу келісімдері жасалуда. Жоспар бойынша зауытта тері өңделіп, дайын өнім Қытайға экспортталмақ.
Арқалық қаласы әкімнің хабарлауынша, сонымен қатар тері шикізатын қабылдау пункті қайта ашылмақ, ал тігін цехының қызметі қайта жандандыру үшін келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл кәсіпорындарда жұмыс істеген 40 адам қайта жұмыспен қамтылуы мүмкін.
Жалпы, бұл жоба өңірдің экономикасын жандандырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді деп күтілуде.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иелері мемлекеттік наградамен марапатталды. (далее…)
Кәсіпкерлік – ел экономикасының тірегі, ауылдың әлеуметтік дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттырудың маңызды тетігі. (далее…)
Одним из важных шагов в этом направлении стало расширение системы видеонаблюдения. (далее…)
Историями поделились зрители YouTube-канала «Другие места». (далее…)
Елдің ықыласына бөленген игі істер – қоғамдағы адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі. (далее…)
Подозреваемого уже задержали, об этом сообщает "Тоболинфо" (далее…)
This website uses cookies.