Қостанай облысындағы жылу желілерін реконструкциялауды аяқтауға үкімет резервінен шамамен 2,2 млрд теңге бөлінді
Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаражат Қостанай, Жітіқара, Арқалық қалаларындағы жылу нысандарын және Рудный қаласының су жүйесін жөндеуге бағытталды.
Арқалық қаласында жылу желілерін жаңғырту жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Үкімет резервінен бөлінген қаржының бір бөлігі – шамамен 645 миллион теңге – қаладағы жылу инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңарту жобасының үшінші кезегін іске асыруға жұмсалады.
Жоспарға сәйкес, 2025 жылы Арқалықта жылу желілерінің 1,6 шақырымы жаңартылмақ. Қаланың орталықтандырылған жылу жүйесінің жалпы ұзындығы 10 шақырымға жуық, оның айтарлықтай бөлігі ескіргендіктен, қысқы кезеңде ақаулардың туындау қаупі бар.
Жаңартылуы тиіс желіге 300 абонент, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар нысан – жалпы білім беретін мектеп қосылған. Жобаның жүзеге асуы жылу беру сапасын арттырып, тұрғындар мен мекемелерді тұрақты әрі сенімді жылумен қамтуға мүмкіндік береді.
Мамандардың айтуынша, жаңа құбырлар мен заманауи жабдықтарды орнату жүйенің энергия тиімділігін жоғарылатып, жылу шығынын азайтады. Бұл Арқалық қаласының жылу инфрақұрылымын ұзақ мерзімді перспективада тұрақтандыруға ықпал етеді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ, суретті түсірген Бердіболат Көркембаев
Облыс әкімдігінде өткен жиында өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, ауыл шаруашылығы саласын дамыту…
Қамысты ауданында экономиканы әртараптандыру, ауыл шаруашылығы саласын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар…
«Кітап оқитын ұлт» идеясы аясында жас ұрпаққа туған өлкенің тарихын танытуға бағытталған игі бастама жүзеге…
Аромат свежеиспечённого хлеба и невероятно вкусной сдобы привлечёт даже тех, кто сыт. (далее…)
Владислав, конечно, заядлый охотник и рыболов, но и с фотокамерой не прочь «поохотиться» на косуль,…
Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…
This website uses cookies.