21-қаңтар күні Қарасу ауданының орталығында кезекті бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Бұл жолы мүгедектігі бар азаматтарға басымдық беріліп, қолайлы жұмыс орындары ұсынылды.
Аудандық Мансап орталығы жұмыс іздеушілер үшін арнайы іс-шараны өткізуге бастамашы болды. Жұмыс берушілерді қолда бар бос жұмыс орындарын ұсынуға, ал әлеуетті қызметкерлерді лайықты жұмыс іздеуге ынталандыру мақсатында өткізілген бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері, жұмыссыздар, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар шақырылды.
-Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің ең негізгі көздеген міндеті – жұмыс берушілер мен іздеушілер арасында белсенді және шынайы диалог қалыптастыру екенін түсінген жөн. Жеке әңгімелесу форматындағы кездесуде маңызды жағдайлар талқыланып, тараптар оң нәтижеге келеді. Сондықтан біз қос тараптың сұранысын ескеруге тырысамыз,-деді мекеме басшысы әрі аталған іс-шараның ұйымдастырушысы Людмила Руденко.
Жұмыс берушілер арасында – ауыл шаруашылығы, коммерциялық және техникалық ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер кезікті. Соның ішінде прокуратура органы, аудандық әкімдік бөлімдері және басқа да жекелеген ұйымдар. Шамамен 11 ұйым қатысқанын аңғардық. Мәселен, ЖШС, ТКШ бөлімінде, сәулет бөлімінде, ветеринария, Қарасу ауылының әкімдігінде, білім бөлімінде, пансионатта, «Торговый дом» ЖШС-да, «Гарант», “ASTANA GRAND TRADE” ЖШС және Қарасу аудандық электр станциясында бос лауазымдық орындардың бары белгілі болды. Сонымен қатар, мал дәрігері, агроном, мал шаруашылығы мамандары, механик, механизатор, көлік жүргізуші, дәнекерлеуші, электрик, медицина мамандары, педагогтар, банк қызметкерлері, экономист сияқты мамандықтар әлі күнге өзекті. Жергілікті сауда нүктелері мен қоғамдық тамақтану орындары кәсіби жұмысшыларды іздейді. Сатушы, аспаз, даяршы, бармен, ас үй жұмысшысы және фармацевттер артықтық етпейді. Өз ісіне тиянақты, жауапкершілігі зор адамға өңіріміздің жұмыс берушілері жоғары жалақы тағайындап, толық әлеуметтік пакетпен қамтып, тамаша еңбек жағдайын ұсынуға дайын.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттер аудандық Мансап орталығынан алынды.
Ресми дерек бойынша Қарасу ауданында 413 оқушы, 198 педагог Қостанай облысында жүзеге асып жатқан пилоттық жобаға…
Представителями правоохранительных органов была проведена профилактическая беседа с сотрудниками культуры, посвящённой вопросам противодействия интернет-мошенничеству. (далее…)
Сотрудники линейного управления полиции на станции Астана оперативно помогли пассажирке вернуть утерянные личные вещи и…
Бүгінгі таңда елімізде жастарға ерекше көңіл бөлініп келеді. (далее…)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Торғай өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша назар аударып келеді. (далее…)
Он является выпускником Аулиекольской школы-гимназии им. Сулатана Баймагамбетова. (далее…)
This website uses cookies.