Қарасу ауданында «Шапағат» клубы ашылды

Қарасу ауданының орталығында «Шапағат» клубы өз жұмысын бастады.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге бағытталған қоғамдық бастама тіл жанашырларын біріктіретін рухани алаңға айналып отыр.

Бүгінде қазақ тілінде білім беретін мектептердің саны көбейіп, тіл үйренуге ниет білдірушілердің қатары артқаны көңілге медеу. Мемлекеттік тіл – бізді біріктіруші фактор. Сондықтан мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру жұмысы бәрімізге ортақ. Осы бағыттағы тағы бір жаңашыл бастама Қарасу ауылында қолға алынды.

– Қарасу ауданында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, өзге этнос өкілдерін қазақша еркін сөйлесуге ынталандыру және тіл арқылы қоғамда бірлік пен өзара түсіністікті нығайту мақсатында арнайы клуб ашуға бел байладық,-деп бастады әңгімесін аудандық тілдерді оқыту орталығының қазақ тілі оқытушысы Бекзат Әбдіқан.

Таяуда ашылған клубтың негізін қалаған осы жігіт. Ол Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының түлегі. Педагогика және филология мамандығы бойынша жоғары білім алған. «Серпін» мемлекеттік бағдарламасымен оқыған қызылордалық азамат бүгінде Қарасу өлкесінде еңбек етуде.

-«Шапағат» клубы екі бағыт бойынша: басқарушы және атқарушы топ болып жұмыс істейді. Басқарушы топқа аудан басшылары, қазақ тілінің жанашырлары жұмылдырылған.  Ол жерде барлығы 15-17 адамның көлемінде. Ал біз атқарушы топтамыз. Біздің қатарымызда он шақты адам бар. Клуб құрылымындағы басқарушы топ жалпы бағытты айқындап, жоспарды бекітсе, атқарушы топ сол жоспарды нақты іске асыратын негізгі күш болып есептеледі. Бұл – бірлескен, үйлесімді жұмыс. Басқарушы топтың негізгі рөлі – клубтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, бағыт беру және атқарылатын жұмыстарға қолдау көрсету. Ал атқарушы топ – клуб жұмысының қозғаушы күші. Олар жоспарланған іс-шараларды жүзеге асырып, тілдік ортаны қалыптастыруда белсенді қызмет атқарады,-деп түйіндеді оқытушы Бекзат Әділқанұлы.

Клуб жұмысы тек іс-шара өткізумен шектелмейтінін еске саламыз. Ол жерде:

  • тіл үйренушілерге қолдау көрсетіледі;
  • қоғамдық ортада қазақша сөйлеуге баулиды;
  • мекемелермен бірлескен жобалар ұйымдастырады;
  • ақпараттық-насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізеді.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суреттерді жолдаған – Бекзат Әбдіқан.

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В Аулиекольском сельскохозяйственном колледже говорили о ВИЧ без мифов и предубеждений

О путях передачи инфекции, современных методах лечения и важности своевременного тестирования. (далее…)

42 минуты назад

В Наурзумском районе отетили День социального работника

Ежегодно в последнее воскресенье октября в Казахстане отмечается День работников системы социальной защиты. (далее…)

1 час назад

В селе Караменды Наурзумского района состоялся областной турнир по футзалу среди ветеранов спорта

Соревнования были посвящены памяти ветерана спорта Наурзумского района, уроженца села Раздольное Албастова Хусейна Ахмедовича. (далее…)

2 часа назад

Науырзымдық батыр аналарға құрмет көрсетілді

«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иелері мемлекеттік наградамен марапатталды. (далее…)

5 часов назад

Жангелдин ауданында кәсіпкерлерге құрмет көрсетілді

Кәсіпкерлік – ел экономикасының тірегі, ауылдың әлеуметтік дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттырудың маңызды тетігі. (далее…)

5 часов назад

В селе Караменды Наурзумского района усиливают меры по обеспечению общественной безопасности

Одним из важных шагов в этом направлении стало расширение системы видеонаблюдения. (далее…)

7 часов назад

This website uses cookies.