Жуырда Қостанай қаласында облыстық XXXIX жазғы спартакиада бағдарламасы аясында оқ атудан жарыс ұйымдастырылды.
Сайысқа Қарасу ауданының командасы қатысып, абсолютті чемпион атанды.
Қарасу құрамасының жоғары дайындығы мен шеберлігіне, ұйымшылдығына қарсылас шыдас бере алмады. Біздің мергендер тапсырманы үздік орындап, 1228 ұпай жинады. Бұл дегеніңіз ең жоғары көрсеткіш. Жарыста сынға түскен Амели Ермағамбетова командалық есепте I орын және жеке есепте I орын алды. Батырхан Ермағамбетов жалпы есепте I орын, жеке есепте II орын иеленді.
Облыстық 39-шы жазғы спартакиадасында Қарасу командасының оқ атудан чемпионы атануы үлкен қуаныш. Бұл жеңіс аудан спортының әлеуеті зор, деңгейі жоғары екенін айқындай түсті. Осы тұста чемпиондарды дайындаған команданың жаттықтырушы Амангелді Ермағамбетовтың кәсібилігін мойындау керек. Өз ісіне адал жандар ғана нағыз жеңімпаздарды тәрбиелейді.
Аудан намысын лайықты қорғап келген Батырхан Ермағамбетовты сөзге тартқан едік. Оның айтуынша, жарыс жоғары деңгейде өтіпті. Биыл сайыста халықаралық стандарттарға сай келетін, швейцариялық SIUS өндірушісінің электронды-цифрлық нысаналары қолданылды. Жаңашылдық аймақтың оқ ату спортының жаңа белеске көтерілгенін білдірсе керек.
-Біртіндеп қағаз нысаналардан бас тартып жатырмыз. Соны бетбұрыс көздеп ату спортының айтарлықтай дамығанының, танымалдығы артқанының айқын белгісі. Әрі өте қуантарлық жайт. Жарысқа дайындық барысында ауқымды жұмыс жасалды. Осы жетістікке жетуге үлес қосқан барша жанға алғыс айтқым келеді. Алда маңызды кезеңдер күтіп тұр және оларға әзірлік қазірден басталып кетті»,-деді ол.
Суреттер спортшының жеке мұрағатынан
Облыс әкімдігінде өткен жиында өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, ауыл шаруашылығы саласын дамыту…
Қамысты ауданында экономиканы әртараптандыру, ауыл шаруашылығы саласын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар…
«Кітап оқитын ұлт» идеясы аясында жас ұрпаққа туған өлкенің тарихын танытуға бағытталған игі бастама жүзеге…
Аромат свежеиспечённого хлеба и невероятно вкусной сдобы привлечёт даже тех, кто сыт. (далее…)
Владислав, конечно, заядлый охотник и рыболов, но и с фотокамерой не прочь «поохотиться» на косуль,…
Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…
This website uses cookies.