Қарасу ауданының орталығында спорт кешені салынып жатыр. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының 76%і орындалған. Жоба құны 391 млн теңге.
Спорт кешенінде ішкі жөндеу және электр жарығына қатысты жұмыстар аяқталуға таяды. Қазіргі уақытта іріліұсақты ішкі жұмыстары ғана қалып отыр. Аудан әкімі Қайрат Оспанов аталмыш нысанда болып, құрылыстың қарқынымен танысты.
Мердігермен бірге жүргізіліп жатқан жұмыстардың жайкүйін талқыладық. Нысанға желдеткіш, электр желілерін тарту жұмыстары жүруде. Құрылыс жоспарға сәйкес атқарылуда. Спорт кешенін мерзімінен кешіктірмей іске қосып, ауыл халқының игілігіне пайдалануға беруіміз керек, деді аудан басшысы Қайрат Темірханұлы.
Аталған спорт кешені аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша салынуда. Нысан жобасының авторы «Виктория 2007» ЖШС. Мердігері «ЭксклюзивСтрой» ЖШС. Кешеннің жалпы аумағы 1 994,9 м2 құрайды. Сыйымдылығы қырық төрт адамға дейін қабылдауға қауқарлы. Құрылысты биылғы жылдың тамыз айында аяқтау белгіленген болатын. Қазіргі таңда жоспарлы жұмыстар тиісті уақытында жүріп жатыр. Участок басшысы Тимур Жаңабаевтың айтуынша, мердігер ұйым құрылыс аумағына 117 қада қағып, екінші қабаттың плиталарын құйды. Қиыршық тас төсеп, ғимараттың еденін, терезелерін орнатты. Сондайақ жылыту және электр желілерін орнату жұмыстары жүруде. Аталған жұмыстар аяқталған соң спорт кешені салтанатты түрде ашылмақ.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Ұлттық өнер – халықтың жадын жаңғыртып, рухын асқақтататын асыл қазына. (далее…)
«Ұлттық қор – балаларға» бастамасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына 2022 жылғы…
Как известно, стадия уголовного досудебного расследования начинается с регистрации заявления, сообщения об уголовном правонарушения. (далее…)
Такие данные озвучены в Карасуском отделе полиции во время проведения заседания круглого стола. (далее…)
Еңбектің жалынына шыдап, маңдай терімен күнкөріс қамын жасап жүрген әр маманның қоғам алдындағы жауапкершілігі өлшеусіз.…
В мероприятии приняли участие прокурор Мендыкаринского района Ерлан Сарсенов, глава района Габит Бекбаев и представители…
This website uses cookies.