Ауданымызда Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті

7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні

Бұл тәуелсіз еліміздің өзіндік қорғаныс қабілеті бар екенін білдіретін мереке. Бүгін – Отанымыздың шекарасын күзетіп, бейбітшілігі бұзылмауына, тәуелсіздігі мәңгілікке жалғасуына үлес қосқан ардагерлердің, олардың ізін жалғаған жаужүрек ұлдардың, абыройы асқақ азаматтардың мерекесі. Осы айтулы мереке қарсаңында ауданымызда Отан қорғаушылар күніне орай Докучаев жалпы білім беретін мектебінің акт залында “Ерлік пен елдіктің иесіндей, батырлық пен батылдықтың киесіндей” атты мерекелік концерт өтті.

Мерекелік шара басы аудан әкімі Мәди Ихтиляповтың құттықтау сөзімен басталды.

-Баршаңызды Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Отан қорғау – перзенттік парыз, мәртебелі міндет. Еліміздің тыныштығы мен жеріміздің тұтастығын сақтау жолында қалтқысыз қызмет етіп жүрген ержүрек жауынгерлеріміздің еңбегі ерен. Біз осындай жандардың ерлігіне қашанда сый-құрмет көрсете білуіміз керек. Сіздердің дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық және еңбекте жеміс пен толағай табыстар тілеймін! Ел іргесі бүтін, жұртымыз тыныш болғай, – деді өз сөзінде.

Сондай-ақ, аудан басшысы осы айтулы мереке барысында Амангелді ауданына қарасты Степняк, Қарасу ауылдарында болған су тасқыны қол ұшын берген ауданымыздың еріктілеріне алғыс хат табыс етті.

Мерекелік концерт балалар шығармашылығы үйінің балғын бишілерінің орындауындағы “Батыр” биімен бастау алып, аудандық мәдениет үйінің концерттік бағдардаламасымен жалғасын тауып, көрермендерге жақсы әсем әуен тарту етті.

Қарулы күштеріміздің қуаты нығайып, айбыны асқақтап, даңқы арта берсін! Аудан тұрғындарына осындай ерекше күнде бейбіт өмір, баянды бақыт, татулық пен береке-бірлік тілейміз.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ, фотоларды түсірген автор

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Новая поликлиника в селе Заречное откроется уже в ближайшие два месяца

Об этом сегодня, 18 марта, в ходе инспектирования медицинского объекта сказал аким области Кумар Аксакалов.…

9 часов назад

Школу в селе Кусакан в Костанайской области продали

Когда село пустеет, а статус административной единицы упраздняется, на торги выставляются последние свидетельства былой жизни…

9 часов назад

Ұзынкөл ауданында пробация қызметі тізіміндегілердің әлеуметтік қолдауы жалғасуда

Ұзынкөл ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі әлеуметтік жобасы аясында кезекті кездесу өтті. (далее…)

16 часов назад

Меңдіқаралық тұрғын Гүлжан Нұрмұхамбетова – өз шаңырағының шырағы

«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)

1 день назад

Почти 2 миллиона сельхозживотных вакцинировано от ящура в Костанайской области в 2025 году

Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)

1 день назад

Меңдіқаралық боксшы Амина Сапарбаева Қазақстан чемпионатының жүлдегері

25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында  бокстан Қазақстан…

1 день назад

This website uses cookies.