Бейімбет Майлин ауданында отбасылар арасындағы тартысты сайыс өтті

Отбасы-бақыт мекені. Ұлттық құндылықтардың да бастауы дәл осы жерден түзеледі. Әкеге қарап ұл, шешеге қарап қыз бой түзейді. Мықты, әрі берік отбасы болу үшін алдымен сондағы қарым-қатынасты нығайту керек

Бүгін газетіміздің тілшісі Бейімбет Майлин ауданында өткен отбасылар арасындағы тартысты сайыстың куәсі болып қайтты. Іс-шара Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылып жатқан “Қостанай облысы бойынша отбасылық туризмді дамыту” жобасы аясында өткізілді.

– Қазіргі таңда отбасылар арасындағы қарым-қатынас әлсіреп бара жатыр. Сондықтан осындай сайыстарды өткізу-өте маңызды. Бүгінгі жарысты ұйымдастырудағы мақсатымыз-ата-анамен баланың, баламен ата-ананың арасындағы байланысты нығайту. Сонымен қатар, отбасылар арасындағы ауызбіршілікті арттыру, – дейді Жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Байдрахманов.

Жарысқа қатысқан 5 жанұя өзара бақ сынасты. Алты кезеңнен тұратын сайыста барлық қатысушылар белсенділік танытып, үздік нәтиже көрсеткен отбасылар марапатталды.

Нәтижесінде Әскеровтер отбасы ынталандыру сыйлығына ие болды. Үшінші орынды Қабылдиндер мен Бірмағанбетовтер отбасы иеленсе, екінші орын Смаиловтар әулетіне бұйырды. Барлық сыннан сүрінбей өткен Бейбосыновтар отбасы жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.

Үш баланы тәрбиелеп отырған Бейбосыновтар әулетінің тұңғышы-8 жаста. Жарыстан алған әсерімен бөліскен отбасы сайыстың өте көңілді өткенін айтады.

– Осындай отбасылық ауызбіршілікті нығайтатын жарыстар жиі ұйымдастырылса екен дейміз. Бүгінгі сайыс біз үшін өте қызықты әрі есте қаларлық болды. Отбасымызда 5 адамбыз-2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отырмыз. Өзім өрт сөндіру қызметінде жұмыс істеймін. Бұл сайысқа өз еркімізбен қатысып, бағымызды сынап көрдік, – дейді отағасы.

Аталмыш шара бәсекелестіктің емес, сыйластық пен татулықтың, бірлік пен түсіністіктің айқын көрінісі бола білді. Мұндай шаралардың жиі өткізілуі ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, отбасылық құндылықтардың дәріптелуіне мол септігін тигізеді.

Гүлжан БӨЛЕГЕН,
суретті түсірген Нұржан СМАИЛОВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Қамысты ауданында 397 тұрғын еріктілер қатарына қосылды

Жайылма жерінде жыл басынан бері 30-дан астам экологиялық акция ұйымдастырылып, «Жасыл Ел» бағдарламасы аясында 75…

11 часов назад

В Карасу прошёл футбольный турнир памяти детского тренера Марата Нургалиева.

Юные футболисты прославляют имя спортивного наставника своими достижениями. (далее…)

15 часов назад

Қамыстыда спортқа серпін берілді

Бұқаралық спортты дамыту, тұрғындардың денсаулығын нығайту және жастарды салауатты өмір салтына баулу – Қамысты ауданындағы…

15 часов назад

В Костанайской области восстанавливают популяцию куланов и лошадей Пржевальского

В государственном природном резервате «Алтын Дала», расположенном в Амангельдинском и Джангельдинском районах Костанайской области, продолжается…

17 часов назад

В Карасуском районе прошёл День донора

За два дня участниками традиционной акции по забору донорской крови стали 75 человек, пожелавших внести…

1 день назад

This website uses cookies.