Биыл Денисов ауданында «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 7 жоба іске аспақ

Ауданда 2025 жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында жалпы сомасы 1 613,5 млн. теңге болатын 7 жобаны іске асыру жоспарланған.

Бұл туралы Денисов аудандық экономика және қаржы бөлімінің мамандары хабарлады.

Атап айтқанда, Антоновка ауылына кіреберіс жолын орташа жөндеу, Тельман ауылдық округі, Антоновка ауылындағы (2,55 км) Набережная, 0-1,9 км, Степная 0-0,65 км көшелерінде автомобиль жолдарын орташа жөндеу, Перелески ауылындағы  Центральная көшесін (2,15 км) және  Юбилейная көшесін (1,01 км)  орташа жөндеу, Некрасовка ауылына кіреберіс автомобиль жолын орташа жөндеу, Денисов ауданы Заәйет ауылындағы Дорожная көшесін орташа жөндеу, Фрунзе ауылы Пролетарская көшесіндегі бала-бақшаны күрделі жөндеу жұмыстары. Бұл жеті жоба биыл жүзеге аспақ.

Экономика және қаржы бөлімінің хабарламасында «Жобаны іске асырудың басым міндеттерінің бірі перспективалы ауылдық елді мекендердің әлеуметтік инженерлік инфрақұрылымын жақсарту. Бұл жоба ауылдағы өмір сүру сапасын жақсартуға, ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғыртуға, оларды өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне жеткізуге бағытталған» делінген.

2024 жылы Денисов ауылындағы «Автомобилист» стадионын  жалпы құны 701,9 млн. теңгеге қайта жаңарту жөніндегі екі жылдық жоба басталған еді. Биыл аталған жұмысты әрі қарай жалғастыруға 625,6 млн. теңге бөлініп отыр.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суреттерді аудандық экономика және қаржы бөлімі жолдады.

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В Карасуском районе прошёл День донора

За два дня участниками традиционной акции по забору донорской крови стали 75 человек, пожелавших внести…

3 часа назад

Костанайская область лидирует по уровню цифровизации промышленности в стране

Об этом было завлено на аппаратном совещании акима области. (далее…)

3 часа назад

В Камыстинском районе открыли агроклассы

В Камыстинской средней школе № 1 начали формировать агрокласс, который объединит растениеводство, инженерное дело и…

3 часа назад

Жангелдин ауданында тоғыз ауылда ветеринариялық пункт салынып жатыр

Биыл Жангелдин ауданында мал шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар…

4 часа назад

Қамыстыда оқушылар жеміс ағаштарын отырғызды

Қостанай облысында «Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында мектеп аулалары жеміс бағына айналып келеді.…

5 часов назад

Жангелдин ауданында үш ауылда медициналық пункт салу жоспарланып отыр

Торғай өңірінде хирург пен фельдшер мамандарына сұраныс бар. Алдағы екі жылда Тәуіш, Көкалат және Ақшығанақ…

5 часов назад

This website uses cookies.