Денисов ауданында Бауырсақ party өтті

Наурызнама онкүндігінің Шаңырақ күніне орай Денисов кәсіптік техникалық колледжі  Бауырсақ party ұйымдастырды. Колледждің әр тобы бауырсақ пісіріп, шашу шашты.

Мәдени кеш барысында студенттер бауырсақтың жасалу жолы, қамырын дайындаудың әдіс-тәсілдері туралы айтып, өздері пісірген дәмді көпшілікке ұсынды. Ұлттық киімдер шеруін өткізіп, салт-дәстүр көріністерінен үзінді қойылымдар қойды. Ұлттық әндер шырқалып, мың бұралған бишілер көрермен назарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Колледж директорының оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Любовь Грининаның айтуынша, бауырсақ кешінде оқу орнының студенттері белсенділік танытқан. Бауырсақ – қазақтың ұлттық тағамы, ас атасы, дастарханның сәні. Халқымыз сыйлы қонақ келсе бауырсақ пісіріп, нан ауыз тигізген. Осындай құндылықты ұрпақ бойына сіңіру үшін колледж басшылығы «Бауырсақ party» ұйымдастыруды жөн санапты. Іс–шараның атауындағы  «party» сөзін ағылшын тілінен тәржімалағанда «кеш, жиын» деген мағынаны білдіреді. Бұл ағылшын сөзі жастар арасында қазір кеңінен қолданылады. Ендеше «бауырсақ party» дегеніміз «бауырсақ кеші» дегенге келеді.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Новая поликлиника в селе Заречное откроется уже в ближайшие два месяца

Об этом сегодня, 18 марта, в ходе инспектирования медицинского объекта сказал аким области Кумар Аксакалов.…

14 часов назад

Школу в селе Кусакан в Костанайской области продали

Когда село пустеет, а статус административной единицы упраздняется, на торги выставляются последние свидетельства былой жизни…

15 часов назад

Ұзынкөл ауданында пробация қызметі тізіміндегілердің әлеуметтік қолдауы жалғасуда

Ұзынкөл ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі әлеуметтік жобасы аясында кезекті кездесу өтті. (далее…)

22 часа назад

Меңдіқаралық тұрғын Гүлжан Нұрмұхамбетова – өз шаңырағының шырағы

«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)

2 дня назад

Почти 2 миллиона сельхозживотных вакцинировано от ящура в Костанайской области в 2025 году

Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)

2 дня назад

Меңдіқаралық боксшы Амина Сапарбаева Қазақстан чемпионатының жүлдегері

25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында  бокстан Қазақстан…

2 дня назад

This website uses cookies.