Денисов ауданында экологиялық туризм трендке айналуда

Табиғат аясына саяхат жасап, қоршаған ортаны қорғауды мақсат еткен – экотуризм бағыты Денисов ауданында дамуда. Осы бағытта «Шаңырақ» демалыс базасы ашылып, тұрғындар игілігіне қызмет етуде.

Мемлекеттік қолдау арқылы кәсібін кеңейткен азаматтардың бірі Александр Кузменко. Жеке кәсіпкер «Даму» қорының қолдауымен туристік бағыттағы «Шаңырақ» демалыс базасын ашты. Жобаның жалпы құны 500 млн теңге. Бүгінде база жұмыс істеп тұр және он адамды тұрақты жұмыспен қамтуда.

– Демалыс базасында алты «Рыбацкая деревня» үйі, жуынатын және киім ауыстыратын бөлмелер, демалатын бөлмелер, асхана, сегіз  гриль-аумағы, 5500 шаршы метрлік екі жағажай, «Компас» аумағы, қоғамдық дәретхана салынды.  Катамаран жалға беру қызметі бар. Биылдыққа «Шаңырақ» базасына бес мыңнан астам адам келіп демалды,-деді демалыс базасының директоры Александр Кузьменко.

Аталмыш демалыс орны Рудный-Қарабұтақ трассасының 148-ші шақырымында Жоғары Тобыл су қоймасында орналасқан. Бұл жерде жазда суға шомылып, қыста балық аулауға болады. Денисов тұрғындарымен қатар жақын маңдағы аудан, қалалардың адамдары да осында келіп демалыс күндерін қызықты өткізіп жүр. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов былтыр жазда «Шаңырақ» базасына келгенде өте жоғары баға берген еді. «Нысандар дәл осындай болу керек. Бұл жерде бәрі жоғары деңгейде жасалған» деп «Шаңырақты» үлгі еткен-ді.

Биылғы жылдың 1-маусымындағы дерек бойынша Денисов ауданында 773 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Ал былтыр 755 кәсіп иесі бартын.  Оның 180-і жас кәсіпкер. Яғни, жалпы кәсіпкерлердің 23,4%-і жастар. Бұл өте тамаша көрсеткіш.

– 2024 жылы субсидиялау бағдарламасы аясында жеті жоба мемлекеттік қолдауға ие болды.  77 адам «Бастау-Бизнес» бағдарламасымен оқып, кәсіпкерліктің қыр-сырымен танысты,-деді аудандық кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі Дәулет Алпысов.

Денисов ауданында кәсіп бастауға ынталы жастардың көбейіп келе жатқаны қуантады. Бизнес дамыса жаңадан жұмыс орындары ашылып, қазынаға түсетін салық көлемі де ұлғаяды. Сондықтан, шағын және орта бизнеске көптеген мемлекеттік қолдаулар жасалуда.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суретті жолдаған Александр Кузьменко.

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В Карасуском районе прошёл День донора

За два дня участниками традиционной акции по забору донорской крови стали 75 человек, пожелавших внести…

5 часов назад

Костанайская область лидирует по уровню цифровизации промышленности в стране

Об этом было завлено на аппаратном совещании акима области. (далее…)

5 часов назад

В Камыстинском районе открыли агроклассы

В Камыстинской средней школе № 1 начали формировать агрокласс, который объединит растениеводство, инженерное дело и…

5 часов назад

Жангелдин ауданында тоғыз ауылда ветеринариялық пункт салынып жатыр

Биыл Жангелдин ауданында мал шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар…

6 часов назад

Қамыстыда оқушылар жеміс ағаштарын отырғызды

Қостанай облысында «Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында мектеп аулалары жеміс бағына айналып келеді.…

7 часов назад

Жангелдин ауданында үш ауылда медициналық пункт салу жоспарланып отыр

Торғай өңірінде хирург пен фельдшер мамандарына сұраныс бар. Алдағы екі жылда Тәуіш, Көкалат және Ақшығанақ…

7 часов назад

This website uses cookies.