Өнер ұжымы «Түйемойнақ» театры деп аталады. Ресми түрде 2024 жылдың 1қазанында құрылған. Ал тұсаукесер рәсімін өткізу биылғы жылға бұйырыпты.
Аталмыш театр «Мәдени көркемөнерпаздар театрларын құру» туралы KPI жобасына сәйкес облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен құрылған. Өткен жұмада салтанатты түрде ашылып, көрермен назарына «Әзіліміз жарасқан» атты тамаша концерттік бағдарлама ұсынды. Тұсаукесерге жиналған көпшіліктің көңілі бір серпіліп қалғаны сөзсіз. Өйткені, мәдени кеште шырқалған әуезді ән жүректі тербеп, әзіл сықақ қойылымдары еріксіз езу тартқызды. Концерттік бағдарлама таза қазақ тілінде өткенін айта кетейік.
Театр былтыр қазан айында жасақталғанымен, ресми ашылу салтанатын биыл өткізіп отырмыз. Себебі, өнер ұжымы қазан, қараша, желтоқсан айларында құрамын нақтылап, репертуарын бекітіп, пысықтады. Үш ай ішінде артистер дайындық жұмыстарын жүргізді. Осылайша, 2025 жылдың 31 қаңтарында салтанатты түрде ашылдық. Әзірге құрамында он шақты адам бар. Олар Торғай даласынан, Амангелді ауданынан келіп, ауданымызда еңбек етіп жатқан өнерпаз жігіттер. Болашақта кеңейтіп, ауыл жастарын тартамыз деген ойымыз бар. Бұл ұстаным ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға да ықпалын тигізеді. Күні кеше өткен концерттік қойылымды көрермен ыстық ықыласпен қабылдады. Мұндай қолдау біздің артистерге үлкен шабыт сыйлады, деді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нағима Хасанова.
Тетардың құрылғанына азғантай ғана уақыт болса да облыс көлеміндегі үлкен сахнада өнер көрсетіп үлгерді. Жаңа жыл қарсаңында, 2024 жылдың желтоқсан айында Арқалық қаласында өткен «Мірдің оғы» республикалық әзіл-сықақ театрлар фестиваліне қатысты. Биыл ауданға қарасты шалғайдағы ауылдарды аралап, концерт қоюды жоспарлап отыр. Мерейтойлық даталардың құрметіне орай қойылымдар әзірлеп, Денисов халқына мәдени демалыс сыйламақ.
Қазіргі күні өнер ұжымына Азамат Жолдыхан есімді өнерпаз жетекшілік етуде. Театрдың құрамында Әли Самат, Сырым Есенгелді, Қадиша Шаймерденова, Бекзат Ғазезов сияқты талантты қызжігіттер бар. Болашақта бұл құрамның қатарына ауданымыздың жастары да қосылады деген сенімдеміз.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттерді Денисов аудандық мәдениет бөлімі ұсынды.
24 июля в селе Денисовка прокуратура района вместе с отделом соцзащиты провели очередную правовую акцию.…
На въезде в районный центр ведется строительство 18 новых двухквартирных жилых домов общей площадью 2…
В Костанае состоялся чемпионат Костанайской области по бирманскому боксу, собравший спортсменов из городов и районов…
Это стало возможным благодаря победе на международном конкурсе в Актау. (далее…)
В Алматы прошел финальный этап республиканской Олимпиады IQanat -одного из крупнейших образовательных проектов Казахстана, направленного…
О Пресногорьковской железнодорожной станции Казахстанских железных дорог, которая находится в северо-восточной части Узункольского района, мало…
This website uses cookies.