Денисов ауданындағы Глебов жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Бекзат Құсаев Қонаев қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру лагеріндегі іс-шараларға белсене қатысып, тоғызқұмалақтан жекелей жарыста 1-орынға ие болды.
Қуанышты жаңалықты Бекзат білім алып жатқан мектептің ұжымы хабарды. Оқушы Глебов ауылында тұрады және сол жердегі мектепте оқиды. Оның білімге деген ынтасы 1-сыныптан бастап байқалыпты. Аудандық, облыстық пән олимпиадаларына қатысып, түрлі интеллектуалдық байқауларда бақ сынаған. Мектеп өміріне белсенді араласып, спорт саласында жоғары нәтиже көрсетуде. 2025 жылы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысқаны үшін аудан әкімі Руслан Қатпаевтың алғыс хатымен марапатталыпты. Сонымен қатар тоғызқұмалақ ұлттық ойынынан аудандық жарыстардың жүлдегері. Ауыл мектептері арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың былтырғы облыстық кезеңінде Бекзат географиядан 3-орын алды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс тақырыбы бойынша аудандық зияткерлік ойынында 2-орынға ие болды.
Бекзат Құсаев – мақсаты айқын, жалынды жас. Ол спорт мен білімді ұштастыра білген оқушы. Бос уақытында спортпен шұғылданғанды жақсы көреді. Шаңғы үйірмесіне қатысып, тұрақты шынығып отырады. Оның жеңіске деген ұмтылысы мен еңбекқорлығы жоғары нәтиже беруде. Бекзат жоғары ұйымдастырушылық қабілеті бар, жауапкершілігі мол, көмек беруге дайын тұратын елгезек бала. Ол бойындағы осынау қасиеттерімен қатарластарына үлгі және біздің мектебіміздің мақтанышы, үкілеген үмітіміз,-деді Глебов жалпы білім беретін мектебінің директоры Рахат Бужумов.
Бозбаланың оқудағы жоғары нәтижелері, спорт пен шығармашылықтағы жетістіктері, көшбасшылық қабілеті ескеріле келе Қонаев қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқыту-сауықтыру лагеріне жіберіліпті. Жаңа орта Бекзатқа шығармашылық шабыт, ерекше әсер сыйлайды деген сенімде ұстаздары.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті мектеп әкімшілігі жолдады.
В Костанайской области продолжаются выезды «Каравана правовой помощи» в рамках проекта «Заң мен тәртіп» («Закон…
О том, что сделано в городах и районах Костанайской области, рассказал Кумар Аксакалов. (далее…)
Сегодня, 20 октября, в Заречной школе №1 было необычно многолюдно и очень празднично. (далее…)
№3 Денисов жалпы білім беретін мектебінің шәкірті Мағжан Асқар болашағынан зор үміт күттіретін спортшы жас.…
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Карьерный центр подвел итоги работы и обозначил задачи на следующий год. (далее…)
This website uses cookies.