Категории: Без рубрики

Дінің – діңгегің

Алдағы мақсат айқындалды

Жуырда Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің қызметкерлері 2018 жылы атқарылған іс-шаралар бойынша басқосты.

ҚМДБ тарапынан жүктелген бақылау-басқару; уағыз насихат жұмыстары; бұқаралық ақпарат құралдары, сауат ашу курсы жұмыстары, жастармен, теріс-ағымдармен жұмыс, ислам және отбасы жылындағы діни мерекелер мен қайырымдылық іс-шаралар жайы  қаралып, оған қорытынды жасалды.

Қорытындыға сүйенетін болсақ, былтыр мешіт қызметкерлері өз шама-шарқынша  қызмет атқарды. Әсіресе, жастармен 6 дөңгелек үстел, 3 семинар өткізілді. Асыл дініміздің баға жетпес құндылықтары насихатталған 38 кездесу ұйымдастарылды. Оған  1746 адам қамтылды.

Сондай-ақ теріс ағымға төтеп берер  – Ханафи мазһабының ерекшеліктері жайында баяндалған 36 жүздесу  өткізіліп, оағн 1798 адам қамтылды.

Жергілікті «Арқа дидары» телеарнасында „Имандылық айнасы„ бағдарламасы аясында жоспарлы түрде белгіленген тақырыптар бойынша сұхбаттар берілді.

Сонымен қатар қалалық «Арқалық хабары», «Торғай» газеттерінің  беттерінде де дәстүрлі ислам түсінігін, көркем мінез, кешірімділік пен жанашырлық тақырыптары бойынша   танымдық мақалалар жарық көрді.

Өткен жылда сауат ашу курсында 55 шәкірт тәлім алса, екі бірдей шәкірт Алматы және Сарыағаш қыздар медресесіне және бір шәкірт қарилар дайындау курсына, сондай-ақ тағы бір шәкірт Алматыдағы Нұр-Мүбәрак университетіне оқуға қабылданды.

Былтыр мешітте қайырымдылық шараларына да айрықша назар аударылды. Бұл орайда осындай 43 шара ұйымдастырылды. Күн көрісі төмен 2073 адамға көмек көрсетілді.

Осындай маңызды мәселелер талқыланған мешітте алдағы уақытта да маңызды   жұмыстар жандана бермек.

Осынау қалалық мешіттің бас имамы Бектұрсын Уәлиев  үстіміздегі жылы да күнделікті атқарылатын жұмыстарды жіті қадағалап, мешітке келушілерді жылы қабылдау, оларды толғандырған сауалдарға нақты жауап беру қажеттілігіне де айрықша тоқталды.

Белгілі дін қайраткері жыл қорытындысы бойынша көзге түскен барша мешіт қызметкердеріне шынайы алғысын білдіріп, жұмыстарында табыс тіледі.

Оразалы Жақсанов

admin

Недавние новости

Сегодня в селе Караменды Наурзумского района состоялось торжественное мероприятие – День работников сельского хозяйства

Этот торжественный день аграрии с нетерпением ждут весь год, чтобы подвести итоги сельскохозяйственного года и…

4 часа назад

Қостанайда өткен әуесқой хоккей лигасында

Қамысты командасы сәтті өнер көрсетті (далее…)

4 часа назад

В Новонежинке живет женщина, у которой детская мечта так и не ушла вместе с возрастом

Пенсионерка Нина Чопова просто решила однажды - пора воплощать идеи в реальность. (далее…)

4 часа назад

Инженер Евгений Матаев из Новонежинки о профессии, которой посвящена жизнь

В ТОО «Кайсар-Агро» знают: если что-то сломалось, если требуется совет, помощь или просто надежное плечо…

5 часов назад

В селе Троебратское Узунколького района стало светлее

Село Троебратское Узункольского района, что на границе с Северо-Казахстанской областью, считается окраиной. (далее…)

5 часов назад

This website uses cookies.