Досбол Қашқымбаев «Қазақстан Республикасы мәдениет саласының мәртебелі маманы» төсбелгісімен Астана төрінде марапатталды

Досбол Қашқымбаев «Қазақстан Республикасы мәдениет саласының мәртебелі маманы» төсбелгісімен Астана төрінде марапатталды


Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында «Әділетті Қазақстанның тірегі – Адал азаматтар» тақырыбында республикалық форумы өтті. Қамысты аудандық мәдениет үйінің ұлт аспаптар ансамблінің жетекшісі Досбол Қашқымбаев «Қазақстан Республикасы мәдениет саласының мәртебелі маманы» төсбелгісімен марапатталды. Өнер жолында жүрген ағамызға бұл марапат осы ауданда қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрін қайта жаңғырту жолындағы ерен еңбегі үшін берілді.


Лайықты марапатқа ие болған жерлесіміз Досбол Тойшанұлы Қамыстының мәдени дамуына үлес қосып жүрген жан. Туған жері қарт Торғайдың киелі Ақшығанақ мекені. Қамысты жеріне 2009 жылдың қыркүйек айында «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасымен келген екен. Жалғыз емес, отбасымен. Содан бері жұбайы Эльмирамен аудандық мәдениет үйінде жемісті еңбек етуде.

-Бұдан бөлек, облыс, республика көлемінде алған марапаттарым бар. Бізді Астана қаласына шақырып, марапаттады. Мұнда тек мәдениет ғана емес, жер-жерден басқа да саланың майталман мамандары шақырылған екен. Мәдениет саласында еткен еңбегімді елеп, аудандық ішкі саясат бөлімі мені ұсынған екен. Көп жылғы еңбегімді елеп беріп жатқаны деп қабылдадым. Өнер жолына таңдауыма бала жастан әнге құмарлық, Торғайдағы музыка мектебінде оқуым себеп болды. Алғашқы ұстазым сан қырлы өнер иесі Болат Хамзин ағамыздың алдын көрдік, тәрбиесін алдық. Өнерге алғаш қанатымды қатайтты, – деп өз ойымен бөлісті танымал әнші.

Өңірге танымал әнші ағамыздың айтуынша, қазір Қамысты ауданында мәдениет саласын дамыту үшін көп нәрсе жасалуда. Сонымен қатар, материалдық жағынан да жақсы қолдау бар. Қашқымбаевтар отбасымен шығармашылық өсу үшін көптеген конкурстарға қатысып, шығармашылығын шыңдауда.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В Карасуском районе прошёл День донора

За два дня участниками традиционной акции по забору донорской крови стали 75 человек, пожелавших внести…

11 часов назад

Костанайская область лидирует по уровню цифровизации промышленности в стране

Об этом было завлено на аппаратном совещании акима области. (далее…)

11 часов назад

В Камыстинском районе открыли агроклассы

В Камыстинской средней школе № 1 начали формировать агрокласс, который объединит растениеводство, инженерное дело и…

11 часов назад

Жангелдин ауданында тоғыз ауылда ветеринариялық пункт салынып жатыр

Биыл Жангелдин ауданында мал шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар…

11 часов назад

Қамыстыда оқушылар жеміс ағаштарын отырғызды

Қостанай облысында «Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында мектеп аулалары жеміс бағына айналып келеді.…

13 часов назад

Жангелдин ауданында үш ауылда медициналық пункт салу жоспарланып отыр

Торғай өңірінде хирург пен фельдшер мамандарына сұраныс бар. Алдағы екі жылда Тәуіш, Көкалат және Ақшығанақ…

13 часов назад

This website uses cookies.