Категории: Без рубрики

Еңбегімен көпке танылды

Бибігүл Өтегенова — байқау жеңімпазы

Еліміздегі байырғы оқу орындарының бірі – өткен жылы қазақтың ұлы ғалымы Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімі берілген Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті екендігі белгілі.

Үстіміздегі жылы білім ордасына 80 жыл толады. Қазір онда көптеген өз саласын жетік білетін білікті ғалымдар мен оқытушылар еңбек етіп келеді.

Солардың арасында педагогика кафедрасының меңгерушісі, профессор, ғылым кандидаты Бибігүл Мазанқызы Өтегенованың орны бөлек.

Талай ұстаздардың тәлімгері атанған тұлға жақында үлкен қуанышқа бөленді. Университетке Елордамыз Астанадан қуанышты хабар жетті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған байқауда „Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы„ мәртебелі атағына ие болды.

Ол мұндай құрметке өзінің тынымсыз ізденісі, еңбекқорлығының арқасында бөленді.

Сондай-ақ аталмыш жоғары оқу орнының білікті маманы Виктория Валерьевна Данилова да осындай жетістікке қол жеткізді.

Біз Бибігүл Мазанқызы Өтегеноваға алдағы уақытта да мықты денсаулық, отбасында бақыт, қызметінде шығармашылық табыс тілейміз.

О.Отынбайұлы

admin

Недавние новости

101-летний житель Сарыколя принял участие в референдуме

101-летняя жительница Сарыколя Августа Дубровец сделала свой выбор на Общенациональном референдуме по принятию новой Конституции…

1 час назад

Более 150 аулиекольцев впервые голосуют на референдуме

В преддверии важного события им исполнилось 18 лет. (далее…)

1 час назад

Подопечные карасуского соцучреждения приняли активное участие в важном государственном событии

В Карасуском доме-интернате для престарелых общего типа проживают в основном пенсионеры. (далее…)

2 часа назад

Референдум және мерекелік көңіл-күй

Жанкелдиндіктер белсенділік танытуда. (далее…)

6 часов назад

Жарапазан исполнили на участках референдума в Камыстинском района

В селе Камысты на участках референдума прозвучал жарапазан — добрая народная традиция, наполненная теплом и…

6 часов назад

This website uses cookies.