Көшпелі экспедиция Торғай өңірінен басталды

Қостанай облысында этносаралық келісімді нығайтуға, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға және қоғамдағы өзара сыйластық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған «Ұлт мұраты – бірлік» көшпелі іс-шаралар кешені басталды.

Алғашқы кездесу Жангелдин ауданында өтіп, экспедиция мүшелері Торғай өңірінің тұрғындарымен кездесіп, Конституциядағы өзгерістер мен елдегі қоғамдық-саяси реформалардың негізгі бағыттарын түсіндірді.

Іс-шара облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырып отырған «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» өңірлік жобасы аясында ұйымдастырылды. Экспедиция құрамында Қостанай қаласындағы Қоғамдық келісім мекемесі жанындағы этномәдени бірлестіктердің онға жуық өкілі, жастар қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері, консультативтік-қоғамдық органдардың өкілдері мен түрлі сала мамандары бар.

Торғайдағы кездесулер еңбек ұжымдары, жергілікті тұрғындар, аудандық мәслихат саласының қызметкерлері, медицина, спорт саласының мамандары және жастардың қатысуымен еркін форматта өтті. Спикерлер алдын ала дайындалған баяндамамен ғана шектелмей, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, өзара пікір алмасты.
Кездесу барысында «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Рагим Абилов Қазақстанның көпэтносты мемлекет екенін айтып, елдегі түрлі этнос өкілдері арасындағы татулық пен бауырластықтың маңызына тоқталды.

Оның айтуынша, қазақ халқының тарихында қиын-қыстау кезеңдерде өзге этнос өкілдерін жатсынбай, бауырына басқан кезеңдер аз емес. Бұл дәстүр бүгінгі қоғамдағы өзара құрмет пен келісімнің негізіне айналып отыр.

Экспедиция өкілдері жаңа Конституцияға қатысты негізгі бағыттарды да түсіндірді. Облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Айбек Таңатбев еліміздегі реформаларға, олардың идеологиялық және ішкі саясаттағы негізгі қағидаттарына тоқталды. Облыстық аналар кеңесінің төрайымы Ақжан Алтыбаева өз сөзінде отбасы тәрбиесі, ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңызына назар аударды. Кездесуге 6697 әскери бөлімінің Ұлттық ұлан майоры Жанат Ибрагимова да қатысты. Ол жастар арасында кездесетін әлімжеттік, әскери қызметтен жалтару және әлеуметтік желілерге байланысты мәселелерге тоқталып, жас буынды отансүйгіштікке, елге қызмет етуге және азаматтық жауапкершілікке шақырды.

Торғай жеріне барған делегация мүшелері Торғай музейлер кешенін аралап, экскурсия жасады. Гүлбану Сәрсекей келген қонақтарға Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы және Шақшақ Жәнібек музейлерін таныстырды.

«Ел жастары» жастар қанатының өкілдері бұл сапардан ерекше әсер алғандарын жеткізді. Іс-шара соңында «Қоғамдық келісім» мекемесінің өкілі Данияр Сәрсенбетов мұндай игі жобалардың алдағы уақытта да жалғасатынын, сондай-ақ бұл бастамалар Қостанай мен Рудный қалаларында және Әулиекөл ауданында өтетінін айтты.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Суреттерді жолдаған – Айбек Таңатбаев

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Сегодня в мире празднуют Международный день электронной книги

О том, как в Карасуском районе, используют альтернативный бумажному формат чтения, рассказывают работники библиотек и…

1 час назад

Жительница села Степановка превратила свой двор в настоящий цветочный оазис

Последние пять лет во дворе у семьи Шестаковых гармонично уживаются более двух десятков видов растений.…

19 часов назад

Правило «пяти метров» в этом году стало ключевым требованием для жителей Мендыкаринского района

Отныне каждый собственник - будь то владелец частного дома, магазина или квартиры в многоэтажке -…

1 день назад

Қостанайда Кеңшілік Мырзабектің 80 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш өтті

Ақынның мерейтойына Мемлекет басшысы құттықтау жолдады. (далее…)

1 день назад

Жангелдинде егін орағы аяқталды

Жангелдин ауданында биылғы егін жинау науқаны аяқталды. (далее…)

2 дня назад

This website uses cookies.