ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкіл имамы Бахытбек Нұрғабылұлы Тәжімбет Қостанай облысындағы Лисаков қаласында болғанда жергілікті «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінің бас имамы Сабыржан Зейнелғабиденұлымен кездесті
Жүздесу барысында аталмыш шаһардың діни ахуалы жайында әңгімелесті. Сондай – ақ, қала тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру арқылы теріс пиғылды жат ағымдардан сақтану мәселелері сөз болды. Болашақта дәстүрлі дінімізді насихаттау жолдары талқыланды.
Мұнан соң Өкіл имам жұма намазына қатысып, жиылған қауымға уағыз айтты. Сонымен қатар ол өз сөзінде Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп атағанын және осы аса маңызды кезеңде көптеген игілікті шаралардың қолға алынатындығына да тоқталды.
-«Қазақ халқының ежелден қалыптасқан өзіндік дәстүрі бар екендігі белгілі. Біз осы жолымызды, дәстүрмен сабақтасқан дінімізді сақтай білуіміз керек. Жастарымызды дәстүрлі дініміздің шеңберінде тәрбиелеп, салт-дәстүрге баулуымыз қажет», – деді өкіл имам Бахытбек қажы Нұрғабылұлы өз сөзінде.
Өкіл имам уағыз барысында асыл дініміздегі басқа да ізгілікке байланысты жайларды да қамтыды.
Жұма намазы соңында белгілі дін қайраткері өзіне тән әуезді, жүректі тебірентер дауысымен құран оқып, елге, жерге, халқымызға дұға тіледі.
Намаздан кейін мешітке келуші жамағат Өкіл имамға алғыстарын білдіріп, қаламыздың ең үлкен ардақты ақсақалы Сәндібек қажы Шаяхмет ақ батасын берді.
Сонымен қатар, Өкіл имам сапары кезінде мешіттің тұрмыс-тіршілігімен танысып, мешіт ұжымымен де кездесті. Мешіттің іші-сыртының тазалығына дән ризашылығын білдіріп, он бағасын берді.
Оразалы Жақсанов
На въезде в районный центр ведется строительство 18 новых двухквартирных жилых домов общей площадью 2…
В Костанае состоялся чемпионат Костанайской области по бирманскому боксу, собравший спортсменов из городов и районов…
Это стало возможным благодаря победе на международном конкурсе в Актау. (далее…)
В Алматы прошел финальный этап республиканской Олимпиады IQanat -одного из крупнейших образовательных проектов Казахстана, направленного…
О Пресногорьковской железнодорожной станции Казахстанских железных дорог, которая находится в северо-восточной части Узункольского района, мало…
Денисов ауданындағы Арыстансор темір жол станциясында таң алакеуімнен жұмыс қыза түседі. (далее…)
This website uses cookies.