Торғайда жас кәсіпкер «Adishop» атты жаңа дүкен ашты
«Adishop» – балаларға арналған ерекше дүкен
Жеңіс күні қарсаңында Торғайда тағы бір жаңа кәсіп нысаны ашылды. Аудан орталығында «Adishop» атты балаларға арналған жаңа дүкен өз жұмысын бастады. Жаңа кәсіптің иесі – небәрі 25 жастағы жас кәсіпкер Адила Надим.
Бұл дүкен – жай ғана сауда орны емес, еңбекпен келген арман мен отбасылық қолдаудың, табандылықтың нәтижесі. Ашылу салтанатына Жангелдин ауданының әкімі Дінмұханбет Бидашев, Арқалық қаласындағы «Жігер» стадионының директоры, белгілі спортшы Рүстем Шалабаев және аудан тұрғындары қатысты.
Салтанатты жиында аудан басшылығы шағын және орта бизнестің өңір экономикасындағы маңызын атап өтіп, жас кәсіпкердің бастамасына сәттілік тіледі.
Аудандық мәслихат төрағасы Анар Мұратқызы кәсіпкерліктің артында үлкен еңбек пен тәрбие жатқанын айтты.
– Мұндай еңбектің артында табандылық пен үлкен жауапкершілік бар. Бұл – елге қызмет етудің жарқын үлгісі, – деді ол.
Ал ардагерлер кеңесінің төрағасы Тойғанбол Нұрханов жас кәсіпкерге ақ батасын беріп, өңір дамуына қосып жатқан үлесіне ризашылығын білдірді.
«Adishop» дүкенінде балаларға арналған кітаптар, ойыншықтар, дамытушы құралдар мен сыйлыққа арналған бұйымдар ұсынылған. Дүкен отбасыларға ыңғайлы әрі жылы орта қалыптастыруды мақсат етеді.
Жас кәсіпкер Адила Надим бұл бастаманың отбасы үшін ерекше маңызға ие екенін айтты.
– Торғайда балаларға арналған пайдалы әрі әдемі дүниелер сатылатын ерекше орын ашуды көптен армандадық. Бүгінде сол арманымыз орындалып отыр. Бұл дүкен – балалардың қуанышы мен аналардың іздегенін табатын орны. Мұнда кітаптар, балалардың моторикасын дамытуға арналған құралдар, туған күнге қажетті заттар мен жұмсақ ойыншықтар бар. «Adishop» атауы да біз үшін өте ыстық. Ол ата-анамыздың балалар есімдерінің алғашқы әріптерінен құралған. Бұл – отбасы жылуы мен бірлігінің белгісі, – деді жас кәсіпкер.
Айта кетерлігі, бұл отбасының кәсіпкерлік жолы тек осы дүкенмен шектелмейді. Бұған дейін олардың бастамасымен аудан орталығында балабақша, дәріхана және оқыту орталықтары ашылып, бүгінде тұрақты жұмыс істеп келеді.
– Басты мақсатымыз – ауыл балаларының жүзінде қуаныш сыйлау және ата-аналарға қажетті дүниелерді алыстан іздетпей, бір жерден табуға мүмкіндік жасау. Халықтың ыстық ықыласы бізге үлкен мотивация береді, – деді Адила Надим.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – Сымбат КЕНЖЕҒАЛИ
Қостанай облысында «Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында мектеп аулалары жеміс бағына айналып келеді.…
Торғай өңірінде хирург пен фельдшер мамандарына сұраныс бар. Алдағы екі жылда Тәуіш, Көкалат және Ақшығанақ…
20 октября 2026 года на базе Заречной общеобразовательной школы Костанайского района состоялся областной форум лидеров…
Қырым ауылының тұрғыны – Старицындер отбасы қайырымдылық жасауға асық тұратын жандар. Айналаны көгалдандырып, қоғам игілігіне…
Не успели, как говорится, отгреметь фанфары по поводу поездки в Пакистан, а уже новые, яркие…
Пилотный проект начали реализовывать с начала года. (далее…)
This website uses cookies.