«Сыбайлас жемқорлар, педофилдержәне террористер рақымшылық»

Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған рақымшылық туралы заң – елдің жаңа Конституциясының қабылдануына орай қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған жекелеген адамдарға қатысты қабылданған ізгілік актісі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Рақымшылық қоғамға қауіп төндірмейтін, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғамдық қауіпсіздікке және заңмен қорғалатын қоғам мен мемлекеттің өзге де маңызды мүдделеріне зиян келтіретін қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған адамдарға қолданылады. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан негізінен қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес қылмыс жасаған адамдар, сондай-ақ келтірілген залал болмаған немесе толық өтелген жағдайда орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған жекелеген санаттағы адамдар босатылады. Заңға сәйкес, сотталғандардың белгілі бір санатына жасалған қылмыстың ауырлығы, келтірілген залалдың өтелуі және жазаны өтеу кезеңіндегі мінез-құлқы ескеріле отырып, жазаның өтелмеген бөлігінің мерзімі қысқартылады.

Алдын ала есеп бойынша, 16,5 мыңнан астам адам жаңа өмір бастауға мүмкіндік алады. Олардың 2 900-ге жуығы әйел адамдар, оның ішінде жүкті әйелдер мен кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған аналар. Рақымшылық қоғамдық тәртіптің немесе азаматтардың қауіпсіздік деңгейінің төмендеуіне әкелмейді. Өйткені Заң сыбайлас жемқорлық, терроризм және экстремизм қылмыстарын, жыныстық еркіндік пен қол сұғылмаушылыққа қарсы, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстарды, азаптауды, қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстарды, сондай-ақ қылмысты қайталап немесе аса қауіпті қайталап жасаған адамдарға ешқандай жеңілдік қарастырмайды.

Сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар мен сырттай сотталғандар да рақымшылыққа ілінбейді. Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет өткізілетін әкімшілік рақымшылық Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 260-тан астам бабында көзделген құқық бұзушылықтар үшін салынған айыппұлдарды төлеуден босатуды көздейді. Тек ішкі істер органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтардың өзіне қатысты 17 млрд теңгеден астам сомаға салынған шамамен 1 миллион айыппұл рақымшылыққа ілігеді.

Осылайша, әкімшілік рақымшылық азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар әкімшілік рақымшылық ең өрескел құқық бұзушылықтарды жасаған адамдарға қолданылмайды. Олардың қатарында қару мен есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар, жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзу (мас күйінде көлік жүргізу, қарсы қозғалыс жолағына шығу және жүргізуші куәлігінен айыруға әкеп соққан басқа да бұзушылықтар), сондай-ақ құқық бұзушылықты қайталап жасаған адамдар бар. Әкімшілік рақымшылық мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады. Бұл үшін азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгінуі талап етілмейді. Айта кету қажет, қылмыстық және әкімшілік рақымшылық бір реттік сипатқа ие. Егер рақымшылыққа ілінген адам кейін қайтадан құқық бұзушылық жасаса, ол жалпы негізде заң алдында жауап береді.

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Денисов ауданының мәдениет қызметкерлері біліктіліктерін шыңдады

Денисов ауданының әкімдігі облыстық мәдениет басқармасымен бірлесе ауылдық мәдениет үйлері мен кітапханалардың қызметкерлеріне арналған әдістемелік…

12 часов назад

Жангелдинде үш маманға сұраныс жоғары

Жангелдин ауданында медицина саласындағы кадр тапшылығы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. (далее…)

15 часов назад

Денисов ауданында облыстық домбырашылар фестивалі өтті

Денисов ауданында жергілікті күйші-композитор Бекзат Ғазезовтың шығармашылығына арналған облыстық домбырашылар фестивалі өтті. (далее…)

17 часов назад

Волонтеры ОФ «Жанашыр бол» 28 сентября встретились с преподавателями школы №1 Тобыла

Встреча прошла в актовом зале учебного заведения и на нее собрались около 100 человек. Педагоги…

22 часа назад

Қамысты ауданы: келер жылдың қамы – күзден

Ливанов ауылындағы «Алиев» шаруа қожалығында 2027 жылғы егіс науқанына дайындық жұмыстары басталды. (далее…)

2 дня назад

К зиме готовы: в Аркалыке проверили ремонт ТЭЦ и теплосетей накануне отопительного сезона

В Аркалыке прошла масштабная инспекция объектов тепло- и водоснабжения. (далее…)

2 дня назад

This website uses cookies.