Ұлтым украин болса да, мекенім – Қамысты

Қазақстанда 1 наурыз – Алғыс айту күні. Бұл күн – тағдырдың жазуымен қазақ жеріне қоныс аударған түрлі ұлт өкілдерінің қазақ халқына ризашылығын білдіретін ерекше мейрам. Сондай-ақ, қазақ жеріне түрлі себептермен қоныстанған халықтардың тарихын еске алып, қиын-қыстау кезеңде жергілікті халықтың бауырмалдығы мен кеңпейілдігін дәріптейтін күн.

Қазақ халқы өзге ұлт өкілдерін жатсынбай, бір үзім нанын бөліп, бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүруіне жағдай жасады. Бүгінде Қазақстан – көпұлтты мемлекет, 130-дан астам ұлт өкілі бірлікте өмір сүріп келеді. Бұл татулықтың тамыры тереңде, себебі оның негізінде өзара сыйластық пен қамқорлық жатыр.

Алғыс айту күні қарсаңында Қамысты ауданында тұратын украин ұлтының өкілі, көп жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер, «Камышнин» тұтыну кооперативінің жетекшісі Нина Демиденкомен сұхбаттастық.

– Мен барша қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтаймын. Әсіресе, қазақ халқына шексіз ризашылығымды білдіргім келеді. Себебі, елімізге жер аударылып келген өзге ұлт өкілдеріне баспана, ас-ауқат беріп, қиын кезеңде қолдау көрсеткен қазақ халқы болатын. Менің ата-әжем де осы топырақта өмір сүрді. Біздің ұрпақ үшін Қазақ елі – туған жер, Отанымыз, – дейді ол.

Нина Алексеевна Қамысты жеріне 1984 жылы қызмет бабымен келіп, осы өңірде тұрақтап қалған. Ол бастапқыда уақытша жұмыс істеуге келгенін, алайда бұл жердің адамдарының мейірімділігі мен бауырмалдығы оны осында алып қалғанын айтады.

– Басында Қамыстыға іссапармен келген едім. Бірақ жергілікті халықтың кең жүректілігі мен жылылығы мені осында қалдырды. Қазақ көршілерім Ерболат ағай мен Әсия Бекмұхамедовтермен жақын араласып кеттік. Қырық жылдан бері осы жерде өмір сүріп келемін. Кейін ата-анамды да осында көшіріп алдым. Олар да бұл мекенді туған жеріндей көрді, ақырында Қамысты жерінде мәңгілік мекенін тапты, – деп еске алады ол.

Нина Демиденко – Қамысты өңірінде сауда саласының дамуына үлес қосқан азаматтардың бірі. Кеңес заманында аудандық тұтынушылар одағында басшылық қызмет атқарды.

– Еліміз егемендік алған жылдары сауда саласы күрделі кезеңдерді бастан өткерді. Сол жылдары көптеген дүкендер қаңырап бос қалды, ғимараттар бұзылудың аз-ақ алдында тұрды. Біз осы нысандарды сақтап қалуға барымызды салдық. Қарамағымызда 139 сауда орны, 5 шаруашылық, авто парк, қоғамдық тамақтану орындары болды. Барлығын қайта жандандыру үшін талай тер төктік, – дейді ол.

Нина Алексеевна елден өзге ұлт өкілдері жаппай көшіп жатқанда, Қазақстанда қалуды жөн көргенін айтады.

– 1 наурыз – көктемнің алғашқы күні. Бұл – тамаша мереке. Өйткені, біздің елімізде түрлі ұлт өкілдері татулықта өмір сүріп жатыр. Бұл – қазақ халқының бауырмалдығы мен кең жүректілігінің нәтижесі. Қиын кезеңдерде жер аударылған өзге ұлт өкілдерін қазақ халқы үйіне кіргізіп, бір үзім нанымен бөлісті. Мұндай мейірімділікті ұмытуға болмайды. Біз әрдайым қазақ халқына ризашылығымызды білдіріп келеміз, әрі бұл алғыс ешқашан тоқтамайды, – дейді ол.

Әңгіме барысында Нина Демиденко Алғыс айту күнінің маңызын атап өтіп, бұл мерекенің мәнін халыққа кеңірек түсіндіру қажеттігін айтты.

– Бұл күн тек алғыс айтумен шектелмеуі керек. Оның астарында үлкен тарих жатыр. Әрбір ұрпақ бұл мерекенің мәнін ұғынуы қажет. Қазақ халқының бауырмалдығы мен кең жүректілігі – әлемге үлгі боларлық құндылық. Сондықтан бұл күнді тек бір күндік шара ретінде емес, жыл бойы насихаттайтын деңгейге жеткізген жөн, – дейді ол.

Ол Қамысты жеріне келіп, осы елдің бір бөлшегіне айналды. Бұл – Қазақстан халқының татулығы мен бірлігінің жарқын көрінісі.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Торғайда өткен «Күй керуені» ұлт рухын тербетті

Ұлттық өнер – халықтың жадын жаңғыртып, рухын асқақтататын асыл қазына. (далее…)

1 день назад

Ұлттық ресурстардан түсетін табыс болашақ ұрпақты қолдауға бағытталады

«Ұлттық қор – балаларға» бастамасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына 2022 жылғы…

1 день назад

В десяти областях Казахстана работают мониторы на стадии досудебного расследования

Как известно, стадия уголовного досудебного расследования начинается с регистрации заявления, сообщения об уголовном правонарушения. (далее…)

1 день назад

Причинённый киберпреступниками ущерб карасулянам составил 61 312 495 тенге

Такие данные озвучены в Карасуском отделе полиции во время проведения заседания круглого стола. (далее…)

1 день назад

Жас маман еңбек жолын Торғайдағы Ақкөл ауылынан бастады

Еңбектің жалынына шыдап, маңдай терімен күнкөріс қамын жасап жүрген әр маманның қоғам алдындағы жауапкершілігі өлшеусіз.…

1 день назад

В рамках социально-правовой акции «Мүмкіндік» в Мендыкаринском районе прошла встреча с лицами, чьи возможности по ряду причин ограничены

В мероприятии приняли участие прокурор Мендыкаринского района Ерлан Сарсенов, глава района Габит Бекбаев и представители…

1 день назад

This website uses cookies.