Меңдіқара ауданының орталығы Боровское селосының орталық алаңында балалардың қысқы демалысын қызықты әрі қауіпсіз өткізуіне арналған екі шағын сырғанақ ашылды.
Биылғы жылы сырғанақтардың бәрі де қардан жасалынған. Ересек балалар мен кішкентай бүлдіршіндерге арнайы үлкен және кіші сырғанақ бар.
Қытымыр қыстың суығына қарамай шанасын сүйретіп, сырғанаққа қарай асыққан бүлдіршіндердің жүздері қуанышқа толы. Асыр салып ойнап жүрген балалар қыстың аязды күнін де жылы жүздерімен жылытқандай.
Сырғанақтар барлық қауіпсіздік талаптарына сай жасалып, балалардың еркін сырғанауына қолайлы жағдай туғызған. Қыстың шуақты күндері бұл орындар балалардың сүйікті демалыс орнына айналып, ата-аналардың да көңілінен шығуда.
Боровское селосының тұрғындары мұндай шағын, бірақ маңызды бастамалар балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың таза ауада белсенді демалуына оң әсерін тигізетінін атап өтті. Сонымен қатар, жаңа сырғанақтар аудан орталығының көркін арттырып, қысқы маусымда ерекше көңіл-күй сыйлап отыр.
Балалардың бос уақытында таза ауада ойнап, сырғанақ тебулері денсаулықтарына да пайдалы деп ата-аналарда дән риза.
-Әр демалыс сайын балаларды сырғанаққа алып келіп өте жақсы әрі пайдалы уақыт өткіземіз. Балалар игілігі үшін жасалынып жатқан әрбәр жұмысты біз бағалаймыз, қуаныштымыз. Сырғанақтар жақсы жасалынған және де балалардың қауіпсіздігіне мән берілген екен. Осы жұмысты ұйымдастырып, балаларға қуаныш сыйлаған әр бір жанға ризамыз, – дейді аудан орталығының тұрғыны Айдос Алпысбаев.
Балалардың демалыс күні жақсы өтсін десеңіз, балаларыңызды орталық алаңға әкеліңіз. Бүлдіршіндердің уақытты тиімді өткізіп шығуына жағдай жасалынуда. Балалар қамы үшін жасалынған игі іс пен қызықтан құр қалмаңыз.
Ақжан Байтұрсынова
Суреттерді түсірген автор
Қамысты ауданында жыл басынан бері 343 адам жұмыспен қамтылды. (далее…)
В сельских школах региона проходит профилактический марафон. (далее…)
Қамысты ауданындағы Клочков ауылында су құбыры желілерін қалпына келтіру және жаңғырту жұмыстары аяқталды. (далее…)
Шилі ауылының жастары туған жеріне тосынсый жасады. (далее…)
Аким Костанайской области Кумар Аксакалов побывал с рабочей поездкой в Аулиекольском районе. (далее…)
This website uses cookies.