Денисов ауылында мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада өтті.
Онда Жітіқара, Бейімбет Майлин, Қамысты, Денисов аудандары мен Лисаков қаласының мемлекеттік қызметшілері спорттың төрт түрінен жарысқа түсті. Олардың қатарында волейбол, дартс, корнхолл және үстел теннисі сияқты спорт түрлері бар, деп хабарлайды аудандық спорт бөлімінің мамандары.
Мемлекеттік қызметшілер арасындағы мұндай спартакиада дәстүрлі түрде өткізіледі және мемлекеттік қызметшілердің оған қатысуға жыл сайын қызығушылық артып келеді. Ойындар өте тартысты өтті және әр спорт түрі бойынша жеңімпаздарды анықтау ұйымдастырушылар үшін қиын соқты.
Облыстық спартакиада батыс аймаққа жататын аудан-қала үшін арнайы ұйымдастырылып отыр. Себебі Мемлекет басшысы тұрғындардың спортпен шұғылдануы үшін жағдай жасалуына тапсырмалар берді. Бұл – спорт. Спортта барлығы жеңе бермейтіні анық. Бастысы, салауатты өмір салтын насихаттап, мемлекеттік қызметшілердің бірлігін арттыру.
Ұйымдастырушылардың айтуынша спартакиаданың бірден-бір мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік қызметшілерді спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, командалық рухты, мақсатқа ұмтылушылықты, ерік-жігерді, табандылықты және жеңіске ұмтылысты тәрбиелеу.
«Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметші – бұл өз ісінің кәсіпқой маманы ғана емес, ол ең алдымен өз денсаулығына тиісті назар аударуды қажет ететін адам, өйткені дені сау мемлекеттік қызметші – тиімді мемлекеттік қызметші екені белгілі. Спартакиадаға қатысушылардың қатары да, қызығушылығы жылдан-жылға артып келе жатқаны көңіл қуантады. Жарыс болған соң жеңіс те, жеңіліс те болады. Басты бұл жерде мемлекеттік қызметшілердің арасындағы бірлікті арттыру»,- дейді Қамысты аудандық спорт бөлімінің басшысы Марғұлан Аманов.
Спартакиаданың жабылу салтанатында жеңімпаздарға дипломдар мен кубоктар табысталды. Жалпыкомандалық есепте дарстан Қамысты ауданының құрама командасы бірінші орынды, корнхоллмен волейболдан үшінші орынды иеленді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суретті Қамысты ауданының спорт бөлімі ұсынды
Об этом сегодня, 18 марта, в ходе инспектирования медицинского объекта сказал аким области Кумар Аксакалов.…
Когда село пустеет, а статус административной единицы упраздняется, на торги выставляются последние свидетельства былой жизни…
Ұзынкөл ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі әлеуметтік жобасы аясында кезекті кездесу өтті. (далее…)
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)
Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)
25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында бокстан Қазақстан…
This website uses cookies.