Науырзым ауданынан екі кандидат кадрлық резервке өтті

Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап, еліміздің барлық өңірлерінде, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада өңірлік кадрлық резервтерге іріктеу басталған болатын.

Осы іріктеу аяқталып, Науырзым ауданынан екі кандидат өңірлік кадрлық резервке өтті. Оның бірі Қожа ауылының маманы Дәметкен Қарымсақова болса, Науырзым ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы  Камалхан Қалиева.

Камалхан Қалиева мемлекеттік қызметте 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ең алғаш еңбек жолын Жастар практикасы мемлекеттік бағдарламасымен бастаған еді. Одан жетекші маман, бас маман, кейін бөлім басшысы болып тағайындалды. Өзінің еңбекқорлығы мен жұмысқа деген адалдығының арқасында жүктелген қызметті шашауын шығармай орындап келеді. Әрқашан жинақы әрі жауапты.

–Кадрлық резервке қатысуға биыл құжаттарымды тапсырдым. Жан-жақты дайындалып, өзімнің жобамды қорғай білдім. Бұл жастар үшін үкімет тарапынан берілген жақсы бастама әрі мүмкіндік. Облыстың әр өңірінен мен сияқты жастар қатысқан еді. Енді, міне, бүгін қорытындысы шығып, еңбегіміз ақталды. Алдағы уақытта да өзіме жүктелген сенімді ақтап, мемлекеттік қызметті адал атқара беремін деп сенемін, – дейді Камалхан Қалиева.

Жобаның негізгі мақсаты – жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту. Іріктеуді Қостанай облыстық кадр комиссиясы жүзеге асырады. Өңірлік резервке алынған адамдар сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады. Іріктеуге Қазақстан Республикасының азаматтары 35 жастан аспаған жəне 3 жылдан кем емес еңбек өтілі барлар қатыса алады.

Резервке іріктеу бірнеше кезеңдерден тұрады. Ол құжаттарды тапсырудан басталады. Одан әрі заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуден өту керек.  Жоба порталда іске қосылған сәттен бастап onir.pkrezerv.gov.kz Қостанай облысы бойынша 491 адам тіркелді, оның ішінде 323 қатысушы келесі кезеңдерге жіберілді.

147 үміткер заңнаманы білуге тестілеуден сәтті өтті, оның ішінде 62 үміткер – жеке қасиеттерін бағалау. 59 үміткер Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының базасында өткен «Құзыреттерді бағалау» кезеңінен өтті. Төртінші кезеңге 54 үміткер жіберілді.

Құрылымдық сұхбат барысында 48 үміткер таңдалған салалық бағытқа сәйкес жобаларды ұсынды. Үміткерлер өздері ұсынған идеяның мәні мен мақсаттарын, оны іске асыру кезеңдерін және іске асырудағы ықтимал проблемалар мен күтілетін нәтижелерді ашты. Комиссия үміткерлерді 3 критерий бойынша бағалады: аналитика; білім тереңдігі; коммуникативтік дағдылар. Құрылымдық сұхбат қоғамдық бірлестіктер, ҮЕҰ, БАҚ өкілдерінің және салалық сарапшылардың қатысуымен өткізілді.

Ай ӘБДІЛДА

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Қамысты ауданында жылыту маусымына дайындық қалай жүріп жатыр?

Қажетті отынның 70 пайыздан астамы жеткізілді. (далее…)

5 часов назад

Камыстинец Жансултан Тулепбергенов выступил на открытии международного мультиспортивного турнира «Игры будущего»

В этом году город Астана впервые принимает международный турнир. Он будет проходить с 29 июля…

5 часов назад

В Тобыле продолжают готовиться к отопительному сезону

Из семи запланированных к ремонту котельных работы завершены уже на четырех. (далее…)

8 часов назад

В Тобыле обновят более 7 километров улиц, а к восьми селам приведут в порядок подъездные дороги

В Костанайском районе ремонтируют дороги и обустраивают новые парковки. (далее…)

13 часов назад

За полгода в Костанайском районе в пять раз вырос объем строительных работ

Инвестиции увеличились на 29%, а ввод жилья — в два раза. (далее…)

1 день назад

This website uses cookies.