Ас атасы-нан демекші, осы ұлттық тағамды дайындау жолдарын жас ұрпаққа насихаттау және жаңғырту басты мақсат
Осы орайда Науырзым аудандық мәдениет үйі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіп жүрген «Алтын бауырсақ» аудандық мекемелер арасындағы фестивалін осы жылы да дүркіретіп өткізді. Бүгінгі сайысқа «Балапан» бала бақшасы, «Балдырған» бала бақшасы, Балалар шығармашылық үйі, Жұмыспен қамту орталығы, Білім беру бөлімі, Науырзым мемелекеттік табиғи қорығы, аудандық емхана, аудандық кітапхана және Раздольный жалпы білім беретін мектебі қатысты. Әр мекеме бауырсақтардың дайындалу тәсілдерімен таныстырып, ерекшелігін айтып өтті. Әділ қазы алқалары әр ұйымның бауырсағынан дәм татып өз бағаларын берді.
Жиын барысында әсем ән шашулар айтылып, жылы лебіз бен ізгі тілектер тіленді. Әділ қазы алқалары ақылдаса келе, фестивальдің жеңімпаздарын анықтады.
«Алтын бауырсақ» аудандық мекемелер арасындағы фестивалінде 1 орынға ие болған аудандық емхана ұжымы, 2 орын «Балапан» балабақшасы және де 3 орын иеленген Раздольный жалпы білім беретін мектебі мен Балалар шығармашылық үйі. Жүлделі болған қатысушыларға мадақтама қағазы мен сыйлықтар табысталды. Шара соңын ауыл ақсақалы Шотпай атаның ақ батасымен аяқтадық.
Айгүл САБИТБЕКОВА
За два дня участниками традиционной акции по забору донорской крови стали 75 человек, пожелавших внести…
Об этом было завлено на аппаратном совещании акима области. (далее…)
В Камыстинской средней школе № 1 начали формировать агрокласс, который объединит растениеводство, инженерное дело и…
Биыл Жангелдин ауданында мал шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар…
Қостанай облысында «Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында мектеп аулалары жеміс бағына айналып келеді.…
Торғай өңірінде хирург пен фельдшер мамандарына сұраныс бар. Алдағы екі жылда Тәуіш, Көкалат және Ақшығанақ…
This website uses cookies.