Өлеңді ауылының «Балдаурен» бөбекжайында «Балалар – біздің болашағымыз» атты облыстық семинар өтті.
Оған ауданның «Қызғалдақ», «Балдырған», «Балапан» бөбекжайларының педагогтары қатысты. Жиналғандар арт-терапиясы әдісі қолданылған шығармашылық «Ғажайып көбелектер» әрекетін тамашалады. «Балдаурен» бөбекжайының өнерлі балаларының музыкалық қойылымындағы орындалған әндері мен керемет билері бойларындағы таланттарымен катысушыларды жақсы әсерге бөледі. Аталмыш іс-шараның басты мақсаты – арт-терапиясы әдісінің тиімділігін дәлелдеп, балалардың қызығушылықтарын көрсету. Семинарды аудандық білім бөлімінің әдіскері Қ.Валиева ашып, оның маңыздылығын түсіндірді.
–Қазіргі уакытта арт-терапия психотерапияның маңызды салаларының бірі ретінде жақсы дамып келеді. Науырзым ауданының педагогтері де осы тәсілді қолданып, оның балаларға ұнайтынын айтып жатыр. Бүгінгі семинарда тәжірибемен бөлісіп, жан-жақты дамуға жол ашып жатырмыз, – деді ол.
Мамандардың айтуына қарағанда, арт-терапия «өнермен емдеу» деген мағынаны білдіреді екен. Әр адам өзін, өз сезімін және өзінің жағдайын әуен, дыбыс, қимыл және сурет аркылы көрсете алады. Оны ғылымға енгізген Адриан Хил болды.
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы арт-терапия әдісін көбіне балабақша педагогтары жиі қолданады. Қуыршақ, музыка, құм, драма, ойын, маска, қозғалмалы би терапиялары мен қатар фототерапиясын да жұмыс барысында жүзеге асырады. Осы терапияларының қай түрі болса да олардың басты міндеті – мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал тигізетіні сөзсіз, баланың қиялын, ойлау орамдығын дамытатын, фантазиясын іске асыруға апаратын жолдың бірі.
– Балаларды тәрбиелеу барысында осы тәсілді қолданып келеміз. Балаларға ойын, музыка, би терпиясы өте қатты ұнайды. Ойнап жүріп ойлауға дағдыланады. Балалар өте сезімтал ғой. Олардың психикасына әсер ету үшін осындай әдіс, тәсілдермен жұмыс істеген тимді, – дейді «Қызғалдақ» бөбекжайының әдіскері Б.Хасенова.
«Балдаурен» бөбекжайының меңгерушісі А.Досмағамбетова тақырыпқа сай таныстырылым ұсынып, әдістемелік кеңесін де берді. Әдіскер К.Жаркенова семинар қатысушыларына арнап үйлесімді қимылды тренинг ұйымдастырды. Семинарды әдіскер Валиева рефлексия әдісімен қорытындылады.
Ай Әбділда
Об этом сегодня, 18 марта, в ходе инспектирования медицинского объекта сказал аким области Кумар Аксакалов.…
Когда село пустеет, а статус административной единицы упраздняется, на торги выставляются последние свидетельства былой жизни…
Ұзынкөл ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі әлеуметтік жобасы аясында кезекті кездесу өтті. (далее…)
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)
Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)
25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында бокстан Қазақстан…
This website uses cookies.