Расымен де баланың былдырлаған тілінен арттық дүние бар ма. Іс-шара биыл балаларды қорғау күніне дөп келді. Байқаудың бала танымы мен дамуына қосары мол.
Сонымен сахна төріне 5-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер жиналды. Олар Дәмді, Шолақсай, Қожа ауылдарынан және Қарамеңді ауылында орналасқан «Балапан», «Балдырған» балабақшаларынан, сонымен қатар Жамбыл бастауыш мектебінің даярлық сыныбынан келген талабы таудай бүлдіршіндер. Бақ сынаймын деп бүгінгі байқауға барлығы 6 балғын үмітін үкілеп келіпті.
Балалардың жасы небәрі 5-6 жаста болса да жарысқа жан-жақты әрі тыңғылықты дайындықпен келген. Олар өнерімен көзге түсуге тырысты. Атап айтар болсақ, Шолақсай ауылынан келген Балтабек Айтөре, Қожа ауылынан келген Нұрсұлтан Айлана, дәмділік Досан Ислам, Жамбыл бастауыш мектебінің атынан шыққан Серікбай Әдина қызымыз, «Балдырған» балабақшасының тәрбиеленушісі Сәрсенбай Аяла балапан, «Балапаннан» келген Асылым атты бүлдіршіндер өз қылықтарымен көрермен көзайымы болды. Әсіресе, Шолақсай ауылынан келген Айтөре балақайдың бал тілі көрермендерді тәнті етті. Өзін ұялмай таныстырып, көрермендерге «Мақта қыз» ертегісін мүдірмей айтып берді. Әннен Аяла, Ислам, Асылым шашуы шашып, Аяла, Әдина қыздарымыз мың бұрала биледі.
Байқау қорытындысында 1 орын Шолақсайдан келген Айтөреге бұйырып, қалған бүлдіршіндеріміз «Ақылды балақай», «Зерек балақай», «Өнерлі балақай», «Шығармашыл балақай», «Дарынды балақай» номинацияларын иеленді.
Айта кетейік, байқауды ұйымдастыруға Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы мұрындық болды.
–Жыл сайын балалар арасында осындай байқау ұйымдастыруды дәстүрге айналдырғанбыз. Мұндағы мақсатымыз – балғындарды өнерге баулу, тілін дамыту, сахнада өзін ұстауға қалыптастыру, – дейді тілдерді оқыту орталығының басшысы Жадыра Тасанова.
Ал ата-аналар мен балалардың көңілі тіптен керемет болды.
–Бүгінгі ұйымдастырылған іс-шара өте керемет жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастырған аудандық тілдерді дамыту орталығына алғысымды білдіре отыра, жылдан жылға өркендей берулерін тілеймін. Біздің «Балдырған» бөбекжайының бүлдіршіндері жылда қатысып түрлі өнерлерін көрсетеді. Жыл сайын «Бала тілі – бал» сайысы жоғары деңгейде өткізіліп, бүлдіршіндер қуана қатыса берсін, – деген тілегін білдірді «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі Сандуғаш Әбілова.
Ай Әбділда
Об этом сегодня, 18 марта, в ходе инспектирования медицинского объекта сказал аким области Кумар Аксакалов.…
Когда село пустеет, а статус административной единицы упраздняется, на торги выставляются последние свидетельства былой жизни…
Ұзынкөл ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі әлеуметтік жобасы аясында кезекті кездесу өтті. (далее…)
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)
Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)
25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында бокстан Қазақстан…
This website uses cookies.