Науырзым ауданында жыл сайын балғындар арасында «Бала тілі – бал» аудандық байқауы өтіп тұрады

Расымен де баланың былдырлаған тілінен арттық дүние бар ма. Іс-шара биыл балаларды қорғау күніне дөп келді. Байқаудың бала танымы мен дамуына қосары мол.

Сонымен сахна төріне 5-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер жиналды. Олар Дәмді, Шолақсай, Қожа ауылдарынан және Қарамеңді ауылында орналасқан «Балапан», «Балдырған» балабақшаларынан, сонымен қатар Жамбыл бастауыш мектебінің даярлық сыныбынан келген талабы таудай бүлдіршіндер. Бақ сынаймын деп бүгінгі байқауға барлығы 6 балғын үмітін үкілеп келіпті.

Балалардың жасы небәрі 5-6 жаста болса да жарысқа жан-жақты әрі тыңғылықты дайындықпен келген. Олар өнерімен көзге түсуге тырысты. Атап айтар болсақ, Шолақсай ауылынан келген Балтабек Айтөре, Қожа ауылынан келген Нұрсұлтан Айлана, дәмділік Досан Ислам, Жамбыл бастауыш мектебінің атынан шыққан Серікбай Әдина қызымыз, «Балдырған» балабақшасының тәрбиеленушісі Сәрсенбай Аяла балапан, «Балапаннан» келген Асылым атты бүлдіршіндер өз қылықтарымен көрермен көзайымы болды. Әсіресе, Шолақсай ауылынан келген Айтөре балақайдың бал тілі көрермендерді тәнті етті. Өзін ұялмай таныстырып, көрермендерге «Мақта қыз» ертегісін мүдірмей айтып берді. Әннен  Аяла, Ислам, Асылым шашуы шашып, Аяла, Әдина қыздарымыз мың бұрала биледі.

Байқау қорытындысында  1 орын  Шолақсайдан келген Айтөреге бұйырып, қалған бүлдіршіндеріміз «Ақылды балақай», «Зерек балақай», «Өнерлі балақай», «Шығармашыл балақай», «Дарынды балақай» номинацияларын иеленді.

Айта кетейік, байқауды ұйымдастыруға  Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы мұрындық болды.

–Жыл сайын балалар арасында осындай байқау ұйымдастыруды дәстүрге айналдырғанбыз. Мұндағы мақсатымыз – балғындарды өнерге баулу, тілін дамыту, сахнада өзін ұстауға қалыптастыру, – дейді тілдерді оқыту орталығының басшысы Жадыра Тасанова.

Ал ата-аналар мен балалардың көңілі тіптен керемет болды.

–Бүгінгі ұйымдастырылған іс-шара өте керемет жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастырған аудандық тілдерді дамыту орталығына алғысымды білдіре отыра, жылдан жылға өркендей берулерін  тілеймін. Біздің «Балдырған»  бөбекжайының бүлдіршіндері жылда қатысып түрлі өнерлерін көрсетеді. Жыл сайын «Бала тілі – бал» сайысы жоғары деңгейде өткізіліп, бүлдіршіндер қуана қатыса берсін, – деген тілегін білдірді «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі Сандуғаш Әбілова.

Ай Әбділда

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В Карасуском районе прошёл День донора

За два дня участниками традиционной акции по забору донорской крови стали 75 человек, пожелавших внести…

12 часов назад

Костанайская область лидирует по уровню цифровизации промышленности в стране

Об этом было завлено на аппаратном совещании акима области. (далее…)

13 часов назад

В Камыстинском районе открыли агроклассы

В Камыстинской средней школе № 1 начали формировать агрокласс, который объединит растениеводство, инженерное дело и…

13 часов назад

Жангелдин ауданында тоғыз ауылда ветеринариялық пункт салынып жатыр

Биыл Жангелдин ауданында мал шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар…

13 часов назад

Қамыстыда оқушылар жеміс ағаштарын отырғызды

Қостанай облысында «Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында мектеп аулалары жеміс бағына айналып келеді.…

15 часов назад

Жангелдин ауданында үш ауылда медициналық пункт салу жоспарланып отыр

Торғай өңірінде хирург пен фельдшер мамандарына сұраныс бар. Алдағы екі жылда Тәуіш, Көкалат және Ақшығанақ…

15 часов назад

This website uses cookies.