14 тамыз күні ауданымызда туған жердің төл перзенті, ақын Жаңбыршы Тұқатұлының шығармашылығына арналған «Туған елдің тау тұлғасы» атты шығармашылық кеш өтті.
Туған жерге деген сағыныш пен перзенттік махаббат тоғысқан тағылымды кешке ауданымыздың зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының мамандары, кітапхана қызметкерлері, жастар мен жерлестері қатысты.
Кеш барысында Жаңбыршы Тұқатұлының шығармашылық жолы, әдебиет пен өнерге деген ықыласы, туған ел мен жерге арналған туындылары кеңінен сөз болды. Ақынның өлеңдері оқылып, шығармашылығы жайлы жылы пікірлер айтылып, жүрекжарды тілектер білдірілді.
Шараның ерекше бөлімі – Жаңбыршы Тұқатұлының «Ойсауыт» атты өлеңдер жинағының тұсаукесері болды. Ақынның жаңа жинағына өмірден түйген ой-толғамдары, ел мен жерге деген сүйіспеншілігі, адамгершілік пен азаматтық ұстанымдары арқау болған сырлы жырлары топтастырылған. Кітаптың тұсаукесері туған жер төрінде өтіп, қаламгер шығармашылығына деген құрметті айшықтай түсті.
Өз кезегінде Жаңбыршы Тұқатұлы ауданымызға арнайы шақырып, шығармашылығына арналған мазмұнды кеш ұйымдастырған жерлестеріне шынайы ризашылығын білдірді.
– Өскен елім өмірге ынтызар ғып, өміріме бір ғажап сәуле берген. Аққан жұлдыз секілді кейде ағып, өнген елім кеудеме нұр боп енген. Туған жердің әрбір топырағы, әрбір естелігі жүрекке жақын. Мені арнайы шақырып, шығармашылығыма арналған осындай тағылымды кездесу өткізгендеріңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін, – деді ақын.
Жаңбыршы Тұқатұлы аудан әкімдігіне, аудан әкімі Мәди Өмірзақұлы Ихтиляповқа, мәдениет бөлімінің басшысы Оразғалиға, сондай-ақ орталық кітапхана қызметкерлері Бейнегүл, Сәуле, Жанатқа арнайы алғысын жеткізді.
Кеш барысында ақын туған еліне деген ақ тілегін де арнады. Ел азаматтарына амандық, ауданның әлеуметтік-мәдени дамуына толағай табыс тілеп, Науырзымның гүлденіп, көркейе беруін тіледі.
«Науырзым елім гүлдеп, жайнап, мәңгілік ғұмыры ұзақ болсын!» деген ақжолтай тілегін білдірген қаламгердің бұл сапары ел мен перзент арасындағы рухани байланыстың жарқын көрінісіне айналды.
Туған жердің топырағынан түлеп ұшқан азаматтың елге деген сағынышы, шығармашылығына деген құрмет және жаңа кітабының тұсаукесері тоғысқан кеш көпшілік көңілінде жылы әсер қалдырды.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Суретті түсірген Ерали СЕРІКБАЙ
Как распознать телефонного мошенника? Что делать, если подростка унижают в общем чате? (далее…)
Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)
Подведены итоги сразу двух конкурсных мероприятий, организованных отделом культуры и развития языков совместно с ОФ…
Кей адамның өмір жолына көз жүгіртсеңіз, оның мамандығы мен болмысы бір-бірімен біте қайнасқанын байқайсыз. (далее…)
Ғасырлық тарихы бар білім ордасынан академиктер, ғалымдар мен елге танымал қаламгерлер түлеп ұшқан. (далее…)
Во Фрунзенской общеобразовательной школе осенние субботники давно вышли за рамки обычной уборки. (далее…)
This website uses cookies.