Науырзым ауданы орталығындағы Жабық спорт кешенiнде футбол, волейбол, баскетбол және жеңiл атлетикамен айналысуға мүмкiндiктер мол
Ауданның күннен-күнге сәулеттеніп, ажарланып келе жатқан ажарына ажар қосып, спортсүйер қауымға ерекше көңіл-күй, қуаныш сыйлаған жиында алғашқы болып сөз алған аудан әкімі Мәди Ихтиляпов,
Мемлекет басшысының сарабдал саясатының нәтижесінде елімізде осындай әлеуметтік нысандар көптеп бой көтеруде. Соның бірі бүгін пайдалануға беріліп отырған спорттық сауықтыру кешені. Өскелең ұрпақтың дені сау, заман талабына сай қабілетті болып өсуіне мемлекет тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалуда. Ендігі кезекте Науырзымның жас жеткіншектері осы кешенде жаттығып, ел абыройын асқақтады деген сенімдеміз, – деді.
Жаңа спорт кешені ашылуына жас спортшыларда ата-аналарыда қуанып отыр.
– Балаларымыз енді бос уақыттарын тиімді пайдаланады және сүйікті спорт түрімен айналысады. Менің ұлым футболға әуес. Болашақта атақты футболшы болғысы келеді. Балаларымыздың келешегі үшін жағдай жасалып жатқандығына ризамыз, – дейді аудан тұрғыны Әлібек Ибраев.
Айта кетейік, облыста бұқаралық спортты дамытуға көп көңіл бөлініп, қыруар жұмыстар атқарылып жатыр. «Қараменді ауылында спорт кешенінің құрылысы» жобасы толыққанды аяқталды. Спорт кешені 1440 шаршы метр аумақта орналасқан. Құрылыстың жалпы құны 377 883 830 теңге. Қарамеңдідегі спорттық-сауықтыру кешенінің заманауи ғимараты тек сәулетті безендіру ғана емес, ауыл тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналмақ. Екі қабатты ғимаратта командалық ойындар, күрес, бокс залдары, киім ауыстыратын бөлмелер, жаттықтырушылар бөлмесі, спорт залдары бар. Сонымен қатар, медициналық кабинет, түгендеу кеңсесі, әкімшілік бөлмелері, киім ауыстыратын бөлме бар. Командалық ойын залдары волейбол, баскетбол, футбол ойындарына арналған. Ойынның барлық түрлері үшін қолайлы спорттық жабдықтар қарастырылған.
Сондай-ақ, бұл спор кешенінде 20-ға жуық жаңа жұмыс орыны ашылды.
Об этом сегодня, 18 марта, в ходе инспектирования медицинского объекта сказал аким области Кумар Аксакалов.…
Когда село пустеет, а статус административной единицы упраздняется, на торги выставляются последние свидетельства былой жизни…
Ұзынкөл ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі әлеуметтік жобасы аясында кезекті кездесу өтті. (далее…)
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)
Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)
25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында бокстан Қазақстан…
This website uses cookies.