Науырзымдық дихандар егіс алқабын «межелі уақытта аяқтаймыз» дейді

Қар еріп, көктем келе төгілген күн нұрынан жер сызы кетісімен, дала төсінде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық басталады.

Бұл – дегеніміз егіншілердің қарбалысқа түсетін, тынымсыз еңбектің қызатын шағы. Егістік жерді тазалау, жер жырту, тұқым себу, суару жұмыстары рет-ретімен жасалып, мол өнім алуға тырысады.

“Науырзым тынысы” газеті Дәмді ауылдық округіне жұмыс сапарымен барғанда арнайы “Айдарбеков” шаруақожалығына ат басын бұрып, көктемгі егіс алқабының жай-күйімен таныстық.

Біз барғанымызда шаруақожалық басшысы жұмыс бабымен Қостанай қаласында болғандықтан телефон арқылы сұқбаттасып, тілдестік.

– Біздің шаруа қожалық 1997 жылы құрылды. Міне, содан бері жиырма жылдан аса уақыттан бері ауылшаруашылығы тауарларын өндірумен айналысып келеміз. Бүгінде шаруашылыққа тиесілі 3400 гектар егіс алқабы бар. Ең алғаш 250 гектар жерден бастаған болатынбыз. Басым бөлігі бидай дақылын егеміз. Егіс алқаптарын дайындау алдында жүргізілуі тиіс агротехникалық жұмыстар уақытылы атқарылды. Қолымызда 20 шақты техникамыз бар, былтыр жаңа техникалар алдық. Үкімет тарапынан тұқым және жеңілдетілген жанар-жағармай арқылы қолдау көрсетілуде. Биылғы егіс алқабына 50 тонна жанар-жағармай алдық жеткілікті. Егіс алқабының басым бөлігіне бидай егіп болып қалдық, межелі уақытта аяқтаймыз. 2025 жылдан үмітіміз көп, егін бітік шығып шаруаларды қуантады деген ойдамыз. Мемлекеттің қодауын сеземіз, субсидия алып жатырмыз. Шаруашылықта 10 адам қызмет етеді, жалақылары уақытылы төленеді. Барлығыда бұрыннан келе жатқан, өз істерінің мамандары. Қожалықта ұзақ жылдардан бері дала төсін дүбірге бөлеп келе жатқан механизатор Орал Шарипов. Көп жылдан бері адал қызмет етіп келеді, – дейді шаруашылық басшысы Қуаныш Айдарбеков.

Егіс алқабын аралап жүргенімізде техниканың тілін жетік меңгерген, өз ісінің хас шебері Шарипов Орал ағайды жолықтардық. Кәнігі маман осы шаруа қожалығында 20 жылдан астам жұмыс жасап келеді екен.

– Менің ұлтым башқұрт, Қазақстанға 1984 жылы Башқұртстан елінен Қостанай қаласына қоныс аудардым. 41 жылдан асты осы кең байтақ қазақ жерінде тұрып жатқаныма, 1986 жылы отбасы құрдым, 2 бала тәрбиелеп өсірдік жұбайым екеуміз, балаларымыз ер жетіп, өз алдына жеке кәсіпкерлікпен айналысады. 1988 жылы Дәмді совхозында тракторшы болып жұмыс жасадым (5 ші бригада). 2000 жылдан бастап “Айдарбеков” шаруақожалығында механизатор болып қызмет жасаймын. Жұмысым өзіме ұнайды, ең бастысы еңбек ақымызды уақытылы береді. Өзім қалада тұрсамда жылдан көкетем және күз науқандарында Дәмді ауылына келіп жұмыс жасаймын. Ең алдымен өз ісіңді сүйіп жасасаң болғаны. Қазіргі жастар осындай жұмыстардан қашып жатады. Жастарға айтар едім, адал еңбекпен нан тапқанға ештеңе жетпейді, – дейді механизатор Орал Шарипов.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Не молчи: как школьников учили противостоять буллингу

В Карасу около 100 учащихся 9–11 классов приняли участие в семинарах по буллингу. В Караманской…

52 минуты назад

Карасуские пожарные закрепили успех на промежуточной стадии состязаний

Завершился очередной этап областной спартакиады среди подразделений ДЧС Костанайской области. (далее…)

2 часа назад

В Камыстинском районе обмолочено 90% запланированных площадей

Сельхозтоваропроизводители Камыстинского района завершают уборочную кампанию. (далее…)

6 часов назад

Жангелдинде қаржылық алаяқтықтың бір дерегі тіркелді

Жангелдин ауданында жыл басынан бері қаржылық алаяқтық бойынша бір қылмыстық іс тіркелген. (далее…)

8 часов назад

Қамыстыдағы жаңа спорт кешенінде жүзден астам бала жаттығып жүр

Қамысты ауданында заманауи «Қамысты Арена» дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Жаңа нысанда бүгінде жүзден астам…

9 часов назад

Инклюзияны қолдау кабинеті білім алуға тең мүмкіндік жасау үшін Ұзынкөлдік мектепте ашылды

Қазақстандық білім беру саласының басымды бағыттарының бірі – инклюзивтік. (далее…)

9 часов назад

This website uses cookies.