Науырзымның ғасырлық қара шаңырағы: Мереке мектебінің 100 жылдық мерейтойы

Науырзым ауданының Мереке ауылында ғасырлық тарихы бар Мереке мектебінің 100 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті.

Тағылымы мол шараға елдің әр өңірінен келген түлектер, ардагер ұстаздар, ауыл тұрғындары мен қадірлі қонақтар қатысып, қара шаңырақтың ғасырлық белесін бірге атап өтті. Мерейтой мектеп ауласындағы салтанатты жиыннан басталды. Қонақтар білім ордасының бір ғасырлық тарихынан сыр шертетін көрмені тамашалап, архивтік құжаттармен, тарихи фотосуреттермен және мектептің жетістіктерін айғақтайтын құнды жәдігерлермен танысты. Білім ордасының қалыптасу жолы мен әр кезеңдегі жетістіктері көпшілік назарына ұсынылды.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген Науырзым ауданының әкімі Мәди Ихтиляпов бұл мерейтойдың аудан өміріндегі ерекше тарихи оқиға екенін атап өтті.


– Мереке жалпы білім беретін мектебінің 100 жылдық мерейтойы – тек бір білім ордасының ғана емес, бүкіл Науырзым ауданының мерейлі мерекесі. Бір ғасыр бойы мыңдаған шәкіртке сапалы білім мен саналы тәрбие берген қара шаңырақтың ел дамуына қосқан үлесі зор. Осы мектептен түлеп ұшқан түлектер бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде абыройлы еңбек етіп, туған жердің мәртебесін асқақтатып жүр. Барша ұстаздарды, ардагерлерді, түлектерді және ауыл тұрғындарын айтулы мерейтоймен құттықтаймын. Қасиетті білім ордасының мерейі артып, шәкірттерінің жетістігі еселене берсін, – деді аудан әкімі.

Мерекелік жиында мектептің өркендеуіне елеулі үлес қосқан ардагер ұстаздар мен қызметкерлерге құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды.

Концерттік бағдарлама барысында мектеп оқушылары, түлектер мен өнерпаздар ән мен күйден, жыр мен биден шашу шашып, ұлттық құндылықтарды дәріптеген әсерлі қойылымдарын ұсынды. Көрермендер өнерпаздардың өнеріне зор ықылас білдіріп, мерекелік кеш ерекше рухани әсерге бөленді.

– Мереке мектебінің 100 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде өткізу – баршамыз үшін үлкен жауапкершілік әрі мәртебе болды. Бұл мерейтой – тек өткенді еске алу емес, бір ғасыр бойы білім мен тәрбие берген қасиетті қара шаңырақтың тарихына тағзым ету. Еліміздің әр өңірінен арнайы келген түлектердің туған мектебіне деген құрметі мен ықыласын көру біз үшін ерекше қуаныш. Осындай игі іске қолдау көрсеткен барлық демеушілерге, ауыл тұрғындарына, түлектерге және ұйымдастыру жұмысына атсалысқан азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз. Мереке мектебінің мерейі әрдайым үстем болып, ғасырлық дәстүрі жас ұрпақ тәрбиесінде жалғасын таба берсін, деді Хасенғали Камалов.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
СУРЕТТІ түсірген автор

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Қамыстыда мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Облыс әкімдігінде өткен жиында өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, ауыл шаруашылығы саласын дамыту…

5 часов назад

Қамыстыда 3 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Қамысты ауданында экономиканы әртараптандыру, ауыл шаруашылығы саласын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар…

7 часов назад

Сарыкөл ауданының әкімі жастарға кітап сыйлады

«Кітап оқитын ұлт» идеясы аясында жас ұрпаққа туған өлкенің тарихын танытуға бағытталған игі бастама жүзеге…

7 часов назад

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

2 дня назад

This website uses cookies.