Наурыз айының 20-28-і аралығында «Абай оқулары республикалық байқауы өткен еді.
Сайысқа өнер мектебінің оқушылары Еркежан Ердос пен Айкануш Чолоян қатысты. Балақайлар Абай атамыздың «Желсіз түнде жарық ай» әнін шебер орындап ең жоғары марапатқа ие болды.
Еркежан Ердос пен Айкануш Чолоян Октябрь орта мектебінің оқушылары. Сонымен қатар Қарасу өнер мектебінің Октябрь ауылындағы филиалында тәлім алады. Екі бала да кішкентайынан өнерге жақын, әнге құмар. Шығармашылық таланаттарын шыңдау үшін сабақтан тыс уақыттарында өнер мектебіне барып, вокалдан сабақ алып жүр. Еркежан Ердос өнер мектебінің 5-сыныбында, Айкануш Чолоян 2-сыныпта оқиды.
«Абай оқулары» байқауы күллі қазаққа белгілі Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында жыл сайын ұйымдастырылады. Оған еліміздің барлық аудан, қалаларынан өнерпаз жастар қатысады. «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» деп Абай атамыз айтқандай, биылғы сайысқа қатысушылардың деңгейі өте жоғары болды. Сол көпшіліктің ішінен біздің балалар ерекшеленіп, таланттарын паш етті. Еркежан Ердос пен Айкануш Чолоянның орындауындағы «Желсіз түнде жарық ай» әніне қазылар алқасы жоғары баға қойды.
-Біздің өнерпаздар «Вокал» (соло) жанры бойынша қатысты. Екі оқушымыз да әділ қазылардың қошеметіне бөленіп, байқаудың ең басты жүлдесі – Гран-приді иеленді. Мұндай шығармашылық бәсекелерге қатысу жас орындаушылардың талантын шыңдап қана қоймай, балалаларды патриотизмге тәрбиелеп, Отанын сүюге, оның тарихы мен мәдениетін дәріптеуге баулиды,-деді Қарасу өнер мектебі Октябрь ауылындағы филиалының оқытушысы Ботагөз Азбергенова.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Ұзынкөл ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі әлеуметтік жобасы аясында кезекті кездесу өтті. (далее…)
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)
Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)
25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында бокстан Қазақстан…
Как говорят старожилы Узунколя, такого марта в их стороне уже давно не наблюдали. (далее…)
Яровой сев планируется провести на общей площади 269,4 тысячи гектаров. (далее…)
This website uses cookies.