ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының көлік және энергетикалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты.
Сапар барысында Үкімет басшысы «Орталық – Батыс» күре жолының құрылысын, Арқалық қаласындағы әуежайды қалпына келтіру жұмыстарын, жылу-энергетика нысандары мен жел электр станциясының құрылысы бойынша жоспарларды тексерді.
«Орталық – Батыс» жолы Астананы Арқалық, Торғай, Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік бағытымен байланыстырады. Жоба іске асқанда, батысқа жол 560 шақырымға қысқарып, уақыт 5 сағатқа үнемделеді. Премьер-министр жол құрылысын бір ай ішінде бастауды тапсырды.
Арқалық әуежайында жаңа терминал салынып, ұшу-қону жолағы мен перрон қайта жаңартылады. Жобаның нәтижесінде сағатына 70 жолаушыны қабылдай алатын нысан пайда болмақ.
Сондай-ақ, Арқалық ЖЭО мен жылу желілерінің жаңғыртылу жұмыстары таныстырылып, тозуды 12%-ға дейін азайту көзделгені айтылды. Сонымен қатар, қуаты 1 ГВт болатын жел электр стансасының құрылысы арқылы өңірдің «жасыл» энергетика әлеуеті кеңеймек.
Олжас Бектенов барлық жобалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын тапсырды. Оның айтуынша, бұл бастамалар өңірдің дамуына серпін беріп, еліміздің транзиттік әлеуетін арттырады.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Об этом сегодня, 18 марта, в ходе инспектирования медицинского объекта сказал аким области Кумар Аксакалов.…
Когда село пустеет, а статус административной единицы упраздняется, на торги выставляются последние свидетельства былой жизни…
Ұзынкөл ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі әлеуметтік жобасы аясында кезекті кездесу өтті. (далее…)
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)
Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)
25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында бокстан Қазақстан…
This website uses cookies.