Мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері марапатталды
23 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күні және Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.
Осынау меркелерге орай аудан әкімі Амантай Балғарин аудан әкімдігінде мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлеріне ізгі лебізін білдіріп, құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар сала үздіктерін марапаттады.
-Ауданымыздың көркейюі мен дамуы, әрбір тұрғынның мұң-мұқтажының уақытылы шешімін табуы мемлекеттік қызметшілердің еңбегі мен білім-біліктілігіне байланысты. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап жас мемлекетті қалыптастыру бағытында мемлекеттік қызметкерлер ерекше еңбек сіңірді және оны уақыт талабына сай жалғастырып келеді. Елге қызмет ету қашан да мерейлі мәртебе екенін ойласақ, өңірімізді өркендету жолындағы еселі еңбектеріңізге шынайы ризашылығымызды жеткіземіз. Сонымен қатар бүгінгі мемлекеттік қызметшілер күнімен қатар келген полиция саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Азаматтардың Конституциялық құқығын қорғауға елеулі үлес қосып, қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және елдің бейбіт өмірі мен тыныштығын орнықтыруда уақытпен санаспай еңбек етіп келесіздер. Әрқашан еліміз тыныш, халқымыз аман, полиция мен мемлекеттік қызметшілердің мәртебесі биік болсын,- деді аудан әкімі Амантай Кәкімбекұлы.
Мемлекеттік қызметкерлер күнін мерекелеу құрметіне орай адал еңбегі үшін Сарыкөл ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен мемлекеттік қызметшілер – Абай Жүсіпов, Татьяна Тыртышняя, Дмитрий Яценко, Әйгерім Қарбанова, Виктория Постоялкина, Светлана Бергер, Сәуле Сағарова, Олеся Цихоцкая, Ольга Эйснер, полиция қызметкерлері – Аягөз Мұхамеджанова, Оксана Рыбьякова, Қанат Кемелов, Бауыржан Өтенов және төтенше жағдайлар бөлімінің маманы Сүлеймен Өмірсерік марапатталды.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер күніне арналған шағын футболдан өткен жарыстағы жеңімпаз командалар аудан әкімінің кубогымен марапатталды.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Об этом сегодня, 18 марта, в ходе инспектирования медицинского объекта сказал аким области Кумар Аксакалов.…
Когда село пустеет, а статус административной единицы упраздняется, на торги выставляются последние свидетельства былой жизни…
Ұзынкөл ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі әлеуметтік жобасы аясында кезекті кездесу өтті. (далее…)
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)
Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)
25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында бокстан Қазақстан…
This website uses cookies.