Қостанай ауданында пробация есебіндегі азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді

Қостанай ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Қостанай ауданында пробация есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды қайта әлеуметтендіру мен оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» жобасы іске асырылуда.

Жобаны «Жанашыр бол» қоғамдық бірлестігі жүзеге асыруда.

Аталған жоба аясында пробация қызметкерлері мен қоғамдық бірлестік мүшелері бірігіп, Тобыл қаласында есепке алынған азаматтар арасында рейдтік іс-шара өткізді. Рейд барысында тұрмыстық жағдай тексеріліп, сауалнама жүргізілді, сонымен қатар құқықтық кеңес беру ұйымдастырылды.

-Рейд кезінде көптеген азаматтарға заңгерлік кеңес бердік. Мысалы, есепте тұрған А есімді азаматшаның жұбайы қайтыс болған. Ол баласына әкелікті ресми түрде мойындатып үлгермеген екен. Баланың туу туралы куәлігі №4 формада берілген. Бұл жағдайда әйел адам сотқа қайтыс болған адамның баланың әкесі екенін тану туралы талап арыз жазуына болады. Сот шешімі шыққаннан кейін бала әкелігі танылған болып есептеліп, негізгі асыраушысынан айырылғаны үшін мемлекеттен әлеуметтік көмек алуға мүмкіндігі болады,-дейді заңгер Жасгүл Тоқжанова.

Сондай-ақ, заңгер азаматшаның мемлекеттік тұрғын үй кезегіне тұруға өтініш беру құқығы бар екенін де атап өтті. Бұл ретте оған «Жанашыр бол» қоғамдық бірлестігі тарапынан қолдау көрсетілетіні айтылды.

Рейд барысында Б есімді азамат өзінің барлық банк шоттарында шектеу қойылғанын айтып, оны шешу жолдарын сұрады. Тағы бір бақылаудағы азамат барлық қарызын өтесе де, жеке сот орындаушысынан шектеу алынбағанын жеткізді.

-Бұл азаматтың квота бойынша жұмыс істейтіні анықталды. Ол жеке сот орындаушысына (ЖСО) жазбаша түрде атқарушылық жазбамен танысу туралы өтініш бере алады. Кейін атқарушылық жазбаны тоқтату туралы шағым түсіруге де құқылы. Егер шағым қанағаттандырылса, борышкерлік туралы жазба күшін жойып, барлық банк шоттары ашылады, азамат борышкерлер тізімінен шығарылады,-деп түсіндірді заңгер.

Ал екінші азамат барлық қарыздарын төлегенін растайтын чектерді жинап, ЖСО-ға борышкерліктен шығару туралы шағым жазуы жеткілікті.

Сондай-ақ, В есімді азамат заңгерлік кеңеске жүгініп, жеке кәсіпкерлікті (ЖК) өз бетінше қалай ашуға болатыны туралы сұрады. Заңгердің айтуынша, азаматтың ЖК ашуға толық құқығы бар. Оған қажетті құжаттар мен рәсімдеу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, ЖК ашылғаны туралы құжатты пробация қызметіне ұсыну қажет екені айтылды.

Бақылаудағы Е есімді азамат Ресей Федерациясынан азаматтық алу мәселесін көтерді. Заңгердің айтуынша, азамат Ресейдің көші-қон қызметіне өтініш жаза алады. Алайда ол үшін Қазақстандағы пробация тізімінен шығуы және барлық сот актілерін орындауы қажет.

Гүлжан БӨЛЕГЕН

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В Карасуском районе прошёл День донора

За два дня участниками традиционной акции по забору донорской крови стали 75 человек, пожелавших внести…

9 часов назад

Костанайская область лидирует по уровню цифровизации промышленности в стране

Об этом было завлено на аппаратном совещании акима области. (далее…)

9 часов назад

В Камыстинском районе открыли агроклассы

В Камыстинской средней школе № 1 начали формировать агрокласс, который объединит растениеводство, инженерное дело и…

9 часов назад

Жангелдин ауданында тоғыз ауылда ветеринариялық пункт салынып жатыр

Биыл Жангелдин ауданында мал шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар…

10 часов назад

Қамыстыда оқушылар жеміс ағаштарын отырғызды

Қостанай облысында «Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында мектеп аулалары жеміс бағына айналып келеді.…

11 часов назад

Жангелдин ауданында үш ауылда медициналық пункт салу жоспарланып отыр

Торғай өңірінде хирург пен фельдшер мамандарына сұраныс бар. Алдағы екі жылда Тәуіш, Көкалат және Ақшығанақ…

11 часов назад

This website uses cookies.