«Құрман баба» мешітінде қайырымдылық акциясы өтті

Қайырымдылық жасау — айналасындағы адамдарға мейірім таныта білу — Жаратушының адамзатқа берген баға жетпес сыйы.

Сондықтан кез келген ізгі іске бейжай қарамай, оны назардан тыс қалдырмау — әрбіріміздің парызымыз. Өкінішке қарай, бүгінде қоғамда шынайы қайырымдылық азайып, кейде ол көзбояушылық үшін ғана жасалып жататыны да жасырын емес.

Өмірдің бір орында тұрмайтыны — ақиқат. Ежелгі данышпандар айтқандай, бір өзенге екі рет түгілі, бір рет те қайта түсе алмайсың. Ел егемендігін енді алып, қадам басып жатқан шақта әлеуметтік тұрғыдан әлсіз отбасыларға азық-түлік пен киім-кешек түрінде көмек көрсетілсе, бүгінде жағдай біршама жақсарған. Халықтың сөзімен айтқанда, «бүгінде аштан өліп жатқан ешкім жоқ». Бұл да — тәуелсіздіктің берген игіліктерінің бірі. Тәубе дейміз.

Қазіргі заман талабы — әр адамды өмірден өз орнын тауып, біреуден дайын көмек күтпей, өз еңбегімен тіршілік етуге бейімдеу. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бірнеше жыл бұрын әлеуметтік әлсіз топтарды тұтынушылықтан кәсіпкерлікке бейімдеу қажеттігін айтқан еді.

Осы орайда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған ерекше қайырымдылық акциясының куәсі болдық. Бұл туралы бізге ұзынкөлдік Алмаз Ешетаев хабарлады:

– Ұлы Жеңіс күні мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай «Құрман баба» мешітінде игі іс-шара өтті. «Moldex» ЖШС басшысы Динара Молдабаева мен «Жаңа Жол 369» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алмагүл Қайбжанованың бастамасымен, Есенкелді қажының жетекшілігімен 2850 үшкүндік балапан әлеуметтік жағынан әлсіз отбасыларға тегін таратылды. Бұл — үлкен ізгілік әрі көрегендік. Әрине, балапандардың орнына дайын азық-түлік таратып беруге де болар еді. Бірақ ондай көмек бір аптада таусылып, ұмытылады. Ал балапан — болашақ табыстың бастауы. Біреу оларды өсіріп, үйінде ұстаса, екіншісі сатып алып, өсіруді әдетке айналдырады. Тағы бірі, мүмкін, осы арқылы жеке кәсібін ашып, кәсіпкерлікпен айналыса бастайды. Міне, нағыз пайдасы мол, ұзақмерзімді қайырымдылық осы, – деді Алмаз Ешетаев.

Дана Абай да өз қара сөздерінде қазақ халқын еңбекке, кәсіпке ынталандырмақ болды. Бұл қайырымдылық акциясы – адамдардың өз жолын табуына, өз қолымен тіршілік етуіне жол ашатын игі бастама. «Бәрі өз қолымызда» деген сөз тегін емес. Жерлестеріміз осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, өмірін жақсы жаққа өзгертеріне сенеміз.

Бақытжамал ДАРКЕНОВА

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В Карасуском районе прошёл День донора

За два дня участниками традиционной акции по забору донорской крови стали 75 человек, пожелавших внести…

3 часа назад

Костанайская область лидирует по уровню цифровизации промышленности в стране

Об этом было завлено на аппаратном совещании акима области. (далее…)

3 часа назад

В Камыстинском районе открыли агроклассы

В Камыстинской средней школе № 1 начали формировать агрокласс, который объединит растениеводство, инженерное дело и…

3 часа назад

Жангелдин ауданында тоғыз ауылда ветеринариялық пункт салынып жатыр

Биыл Жангелдин ауданында мал шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар…

4 часа назад

Қамыстыда оқушылар жеміс ағаштарын отырғызды

Қостанай облысында «Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында мектеп аулалары жеміс бағына айналып келеді.…

5 часов назад

Жангелдин ауданында үш ауылда медициналық пункт салу жоспарланып отыр

Торғай өңірінде хирург пен фельдшер мамандарына сұраныс бар. Алдағы екі жылда Тәуіш, Көкалат және Ақшығанақ…

5 часов назад

This website uses cookies.