Айтулы мерекенің араға ондаған жылдарды салып, қайта оралуын халық жақсылықтың нышаны ретінде қабылдайды
25 қазан — қазақ халқы үшін тарихи күн. 1991 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болды.
Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын бұл күн қазақ халқының мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы. Бұл күн ата-бабаларымыз аңсаған арманының жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған күн.
Салтанатты іс-шара басында аудан әкімі Амантай Балғарин жиналғардарды мерекемен құттықтап, бір топ адамға Құрмет грамоталарын табыс етті. Сонымен қатар, көп балалы аналар “Алтын алқа”, “Күміс” алқа медалдарымен наградталды.
-Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баянды болашаққа бет алған тәуелсіз Қазақстан Республикасы — ортақ жетістігіміз, ортақ мақтанышымыз. Баршаңыздың отбастарыңызға амандық, елімізге тыныштық, береке мен бірлік тілеймін! – деді өз құттықтауында аудан басшысы Амантай Кәкімбекұлы.
Салтанатты іс-шара соңы мерекелік концертке ұласты. Айтпақшы, мәдениет үйінің кіреберіс залында ұлы тұлғалар жайында ауқымды көрме ұйымдастырылды.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Суреттерді түсірген автор
За два дня участниками традиционной акции по забору донорской крови стали 75 человек, пожелавших внести…
Об этом было завлено на аппаратном совещании акима области. (далее…)
В Камыстинской средней школе № 1 начали формировать агрокласс, который объединит растениеводство, инженерное дело и…
Биыл Жангелдин ауданында мал шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар…
Қостанай облысында «Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында мектеп аулалары жеміс бағына айналып келеді.…
Торғай өңірінде хирург пен фельдшер мамандарына сұраныс бар. Алдағы екі жылда Тәуіш, Көкалат және Ақшығанақ…
This website uses cookies.