Сарыкөл ауданы Маяк ауылында мәдени клуб ашылды

Оның ашылуы қазақтың дәстүрі бойынша шашумен басталды

Жыл сайын ауданымызда ауылдық жерлергедегі мектептерге, спорт алаңдарыңа, мәдени ошақтарына көптеп көңіл бөлінуде.

Аудан әкімі Марат Шымырбеков ауыл халқын құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді.

-Мемлекет басшысы ауылдарға көңіл бөлуді жиі айтып келеді. Бұл соның аясында атқарылған жұмыстардың бір парасы. Әлі талай осы ауылда көптеген істер іске асатынына кәміл сенемін.
Ауылдық клуб барлық жастағы ауыл тұрғындары жиналатын орынға айналсын. Бұл жер мәдени іс-шаралардың бастауы болып, талантты жастардың санын арттыруға сүбелі үлес қосады деп сенемін. Міне, осынау жарқын сәтпен тағы да баршаңызды құттықтаймын. Ауылымыз гүлденіп, көркейе берсін, – деді ол. Сонымен қатар, Марат Лесбекұлы ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бір топ кәсіпкерге Алғыс хаттар табыстады. Олардың қатарында – «Нұр-Айгер-СК» ЖШС директоры Серікбай Қабетұлы Жұмағұлов, «Капанадзе» шаруа қожалығының басшысы Григол Леванович Капанадзе және жеке қожалық басшысы Жаңатай Бақытжанұлы Жаналипов болды.

Сонымен қатар, іс-шара барысында «Капанадзе» шаруа қожалығының басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты Григол Капанадзе сөз сөйлеп, жерлестерін құттықтады. Ауыл ақсақалы Баян Оңғаров та ақ батасын берді.


-Құрметті ауылдастарым! Сіздерді осындай тамаша сәт – ауылдық мәдени клубтың ашылуымен құттықтаймын. Бұл бізге көптен бері қажет болып жүрген іс еді. Міне, бүгін күрделі жөндеуден өткен клубтың ашылуына қатысып жатырмыз. Бүгінгі іс-шара біз үшін, өскелең ұрпақ үшін өте керек. Осының басы-қасында жүрген барша азаматқа ауыл халқының атынан алғысымды айтамын. Жыл сайын ауылымызда осындай жарқын істер көбейіп, ауылымыз дами берсін, – деді ауыл ақсақалы.

Ауданымыздың белгілі кәсіпкері Серікбай Жұмағұлов та сөз алып, ауылдық мәдени клубқа қолдау ретінде биылғы астық науқанынан кейін 1 миллион теңге сыйлайтынын айтып, халықты бір қуантып тастады.


Айта кетейік, ауылдық мәдени клубы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен жергілікті атқарушы биліктің бірлескен жобасы аясындағы жұмыстың нәтижесі.

Жалпы, ауылдағы клубтың ашылу салтанаты аудан және ауыл өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасына ұласты.

Руслан ӘЛКЕЕВ.
Суреттерді түсірген автор

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

В Карасуском районе прошёл День донора

За два дня участниками традиционной акции по забору донорской крови стали 75 человек, пожелавших внести…

3 часа назад

Костанайская область лидирует по уровню цифровизации промышленности в стране

Об этом было завлено на аппаратном совещании акима области. (далее…)

3 часа назад

В Камыстинском районе открыли агроклассы

В Камыстинской средней школе № 1 начали формировать агрокласс, который объединит растениеводство, инженерное дело и…

3 часа назад

Жангелдин ауданында тоғыз ауылда ветеринариялық пункт салынып жатыр

Биыл Жангелдин ауданында мал шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар…

4 часа назад

Қамыстыда оқушылар жеміс ағаштарын отырғызды

Қостанай облысында «Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында мектеп аулалары жеміс бағына айналып келеді.…

5 часов назад

Жангелдин ауданында үш ауылда медициналық пункт салу жоспарланып отыр

Торғай өңірінде хирург пен фельдшер мамандарына сұраныс бар. Алдағы екі жылда Тәуіш, Көкалат және Ақшығанақ…

5 часов назад

This website uses cookies.