Енді «Аққозы қажы» аудандық орталық мешітіне Асылхан қажы Түсіпбек басшылық етеді
Жаңа имамды ауданымызға арнайы жұмыс сапарымен келген Қостанай облыстық мешітінің наиб имамы Бақытжан қажы Икрам жұма намазынан кейін жамағатқа таныстырды.
– Міне, ҚМДБ-ның төрағасы, бас Муфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Асылхан қажы Түсіпбек Сарыкөл аудандық «Аққозы қажы» мешітіне бас имам болып тағайындалып отыр. Өздеріңіз білетіндей, Асылхан қажы Мұханбетжанұлы бұрын облыстың бас имамы болды. Соңғы жұмыс орыны Тобыл қалалық «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы қызметін атқарды. Жалпы, ол білімді де білікті маман, жергілікті жұртшылықпен бірлескен түрде қоян-қолтық еңбек етеріне сенемін. Ал, осы жерде бүгінге дейін бас имам қызметін атқарған Нұрбол қажы Исламұлына да алғысымызды айтып, жаңа жұмысына сәттілік тілеймін. Алла әр ісімізге береке берсін, – деді Бақытжан қажы Икрамұлы.
Айта кеткен жөн, Нұрбол қажы Балахметов Сарыкөл ауданында туп-тура екі жыл имамдық қызмет атқарды. Әрі қарай осы жолын Тобыл қалалық «Маңдай батыр» мешітінде жалғастыратын болады.
Мешітке жиналған жамағат жаңа имамға сәттілік тілеп, ал Нұрбол қажыға ақ алғыстарын айтып, ауданның діни өмірінде оң өзгерістер болғанын атап өтті. Сонымен қатар, қос имамға лайықты сый-құрмет жасап, дастархан жайып, ақсақалдар ақ батасын берді.
Руслан ӘЛКЕЕВ
За два дня участниками традиционной акции по забору донорской крови стали 75 человек, пожелавших внести…
Об этом было завлено на аппаратном совещании акима области. (далее…)
В Камыстинской средней школе № 1 начали формировать агрокласс, который объединит растениеводство, инженерное дело и…
Биыл Жангелдин ауданында мал шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар…
Қостанай облысында «Менің аулам – менің бағым» жобасы аясында мектеп аулалары жеміс бағына айналып келеді.…
Торғай өңірінде хирург пен фельдшер мамандарына сұраныс бар. Алдағы екі жылда Тәуіш, Көкалат және Ақшығанақ…
This website uses cookies.