Сарыкөлде ерекше форматтағы бос орындар жәрмеңкесі өтті

Іс-шараға 200-ге жуық адам қатысты

Сарыкөлдің орталық алаңында әкімдіктің қақ алдында ашық аспан астында өткен бүгінгі бос орындар жәрмеңкесіне келушілердің қарасы қалың болды.

Жәрмеңке бір терезе қағидаты бойынша өтті, онда өтініш беруші бос жұмыс орындарының бар-жоғын біліп қана қоймай, сол жерде барлық мәліметтер мен жұмыс жағдайларын нақтылай алады. Жұртшылыққа бос жұмыс орындары ұсынылып қана қоймай, жұмыссыздықты жоюға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер мен заң аясында кеңестер беріліп, аудан басшылығы жеке қабылдаулар өткізді.

Айталық, аудан әкімінің орынбасары Әлия Бекмағамбетоваға жүгінген жергілікті тұрғындар жеке үйлерін жөндеуге көмек сұрады. Ал, енді бірі жаздыгүні қатты дауылдан қираған шатырын қалпына келтірген. Соған өтемақы сұрап келді. Бірақ, бұл сауал бойынша аудан әкімдігіне келіп, өтініш беру керектігі айтылды. Сонымен қатар, қалған сұрақтар бойынша жауап беріліп, Сарыкөл кентінің әкімі Сергей Горшенин де көмек болатынын жеткізді.

-Бүгінде мемлекеттің басты мәселелерінің бірі жұмыссыздық деңгейін төмендету болып отыр. Әсіресе, жастар арасындағы жұмыссыздықты бір жолға қою күн тәртібінде тұр. Дегенмен бұл тұста мемлекет қол қусырып отырған жоқ. Халық арасындағы жұмыссыздықты азайту, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік жағдайды реттеу бағытында түрлі бағдарламалар жұмыс істеп тұр. Біз де осы бағытта жұмыла жұмыс істеп жатырмыз, – деп атап өтті аудан әкімінің орынбасары Жанат Жиенбаев.

Жалпы, жәрмеңке барысында 20 жұмыс беруші қатысып, 100-ге жуық жұмыс орнын ұсынды. Олардың ішінде аудан әкімдігі, аумақтық басқармалар, ауыл шаруашылығы, денсаулық, білім беру мекемелері және тағы басқалары болды. Іс-шараға 200-ге жуық адам келді.

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Торғайда өткен «Күй керуені» ұлт рухын тербетті

Ұлттық өнер – халықтың жадын жаңғыртып, рухын асқақтататын асыл қазына. (далее…)

7 часов назад

Ұлттық ресурстардан түсетін табыс болашақ ұрпақты қолдауға бағытталады

«Ұлттық қор – балаларға» бастамасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына 2022 жылғы…

8 часов назад

В десяти областях Казахстана работают мониторы на стадии досудебного расследования

Как известно, стадия уголовного досудебного расследования начинается с регистрации заявления, сообщения об уголовном правонарушения. (далее…)

8 часов назад

Причинённый киберпреступниками ущерб карасулянам составил 61 312 495 тенге

Такие данные озвучены в Карасуском отделе полиции во время проведения заседания круглого стола. (далее…)

9 часов назад

Жас маман еңбек жолын Торғайдағы Ақкөл ауылынан бастады

Еңбектің жалынына шыдап, маңдай терімен күнкөріс қамын жасап жүрген әр маманның қоғам алдындағы жауапкершілігі өлшеусіз.…

12 часов назад

В рамках социально-правовой акции «Мүмкіндік» в Мендыкаринском районе прошла встреча с лицами, чьи возможности по ряду причин ограничены

В мероприятии приняли участие прокурор Мендыкаринского района Ерлан Сарсенов, глава района Габит Бекбаев и представители…

13 часов назад

This website uses cookies.