Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Сарыкөл» газетінің ұжымы «Барақ батыр» кесенесі маңына тазалық жұмыстарын жүргізді

Бірі киелі орынның жан-жағын ретке келтірсе, енді бірі келушілерге арналған үйдің ішін жинастырды.

Осылайша, олар киелі мекенге зиярат етіп қана қойған жоқ, сауапты іске қомақты үлестерін қосты. Сонымен қатар, батырдың тікелей ұрпағы Нұрлан Қайнешовпен тілдесіп, тарихи аңыз-әңгімелерін тыңдады.

– Барақ атамыздың жатқан жеріне келіп отырмыз. Дұға оқып, қол жайдық. Бұл кісі арғын, соның ішінде Алдияр (Таз) деген руынан шыққан. Батыр, әулие адам. Оның әкесі Жанұзақ Қарабалуан деген атпен белгілі би әрі батыр болған деседі. Енді ол кісіден 4 бала тарайды. Ақмалай, Жұмағұл, Меңіс, Барақ. Соның ішінде Барақ әулиенің жері осы жер. Ата-бабаларымыздан естіп, білген тарихын айта берсек, ұзақ әңгіме, – дейді батырдың ұрпағы Нұрлан Сәндібекұлы.

Жалпы, тарихи деректерге сүйенсек, қазақ тарихында бедерлі із қалдырған, Алашқа айбар болған, қазақ хандығының тәуелсіздігі үшін күрескен батыр бабаларымыздың бірі – Барақ Жанұзақұлы (Қарабалуанұлы) шамамен XVII-XVIII ғасырларда өмір сүріп, 93 жасында дүниеден озған. Әкесі Жанұзақ Алдиярұлы «Қарабалуан» есімімен мәшһүр болған түйе балуан. Шақшақ Жәнібекпен аталас, бірге өскен. Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысында талай ерліктерімен танылады, жасақ басқарады. Ордабасы жиынына, Бұланды, Аңырақай шайқастарына қатысып, Бұқар жырау жырында батырлар санатында аталады.

Ал, Барақ Жанұзақұлының өзі болса, Емельян Пугачев бастаған шаруалар соғысына, одан кейін Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске қатысып, батырлығымен аты шыққан. Оны халық қара күштің иесі деп таныған. 1740-1758 жылдары қазақ жерін қалмақ басқыншыларынан азат ету жолындағы шайқастарға қатысқан. Сондай-ақ, Барақ Қарабалуанұлы Дәуітбай Жәнібекұлымен қатар Абылай ханның қосынында болып, ханның сенімін ақтаған. Яғни, Абылай ханның жасақ басшыларының бірі болып, ерлігімен аты шыққан. Батырлығымен қатар, көріпкел, сәуегей болжаушы, емшілік-тәуіптік қасиеттерімен де халыққа кең танылған.

Жалпы, Барақ батыр кесенесі мемлекет қорғауында. 1996 жылы Қостанай өңірі батырдың үш жүз жылдық мерейтойын атап өтіп, оның ұрпақтары басына ескерткіш күмбез орнатып, үй салған. Ал, 2018 жылы кесене қасына тағы да жаңадан үй салынды. Оған белгілі жерлесіміз,

Қостанай облыстық мәслихатының депутаты, көтерме-бөлшек сауда орталығының директоры, ауданымыздағы ауқымды істерге әрдайым демеуші болып жүрген азамат Айтжан Есенгелдинов мұрындық болды. Сонымен қатар, бұл кесене «Қазақстанның 100 қасиетті орындары мен кешендері» жобасына енгенін айта кеткен жөн.

-Сырлы да шерлі Сарыкөл өңірінде бұл күндерде алыстан мұнартып, ескі дүние жәдігерліктерінің соңғы тұяғындай болып мен мұндалаған киелі кесенелер баршылық. Солардың бірі – Барақ батыр кесенесі. Ол – Сарыкөл ауданына қарасты Крылов ауылынан 10 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан. Бұл жерде екі ғасырдан артық уақыт бойы бүкіл Солтүстік, Орталық Қазақстан және Ресейдің бізбен шекарадағы облыстарынан қазақтар, жалпы мұсылман қауымы әдейі келіп, Барақ батырдың зиратының басына түнеп, құрбан шалып, құран оқытады. Сондай-ақ, біз сияқты жастар кесене маңына тазалық жұмыстарын жүргізуді әдетке айналдырған. Мұндай сауапты іске атсалысу – әрбіріміздің парызымыз, – дейді аудандық газеттің бас редакторы Руслан Әлкеев.

Жалпы, «Сарыкөл» газеті ғасырлар бойы азаттық үшін күрескен Барақ бабамыздай батырларға тағзым етіп, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие берерлік бастамалрды жыл аяғына дейін жалғастыра бермек.

Сарман АЛДИЯР

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Экологически чистый транспорт запустили в одном из хозяйств Аулиекольского района

ТОО «Москалевское» приобрело электрический трицикл для обслуживания предприятия (далее…)

7 часов назад

Прятал мефедрон во рту. В Рудном задержан закладчик синтетики

Полицейскими при проведении оперативно-розыскных мероприятий в одном из подъездов жилого дома с поличным был задержан…

10 часов назад

Конкурс на лучшего тракториста проходит в Аулиекольском районе

На базе Аулиекольского сельскохозяйственного колледжа проходит областной конкурс профессионального мастерства по компетенции «Механизация сельского хозяйства»…

10 часов назад

В Карасуском районе подвели итоги конкурса «Моя семья»

По условиям онлайн-конкурса, участникам необходимо было подготовить видео-, фотопрезентацию и рассказать в ней о своей семье,…

15 часов назад

This website uses cookies.