Тобыл қаласындағы «Астана» және «Бәйтерек» шағын аудандарында салынатын көп қабатты үйлерді көгілдір отынмен қамсыздандырмақ. Алдағы жылдары аталған шағын аудандарда көп қабатты 150 тұрғын үй бой көтереді
Жоспары сызылып, жобасы мақұлданып отырған баспаналар мен әлеуметтік нысандарды газдандыру мәселесі түбегейлі шешімін тауып отыр. Құрылысы 2021 жылы басталып, үш жыл уақыт жұмсалған станцияға 3,330 млн теңге құйылды. Бас мердігері – Орал қаласының «Алия-Сервис» ЖШС компаниясы. Станция қуаттылығы – сағатына 150 мың текше метр. Қазір газ нысанға толық көлемде келіп тұр. Енді тек ғимараттардың салынғанын күту ғана алды.
Биыл 24 үйдің құрылысын бастау жоспарланып отыр. Сондай-ақ біртіндеп жаңа мектептер, балабақшалар, перзентхана және басқа да нысандар салынады. Жаңа газ тарату станциясы шағын аудандардың «бойына қан жүгіртуге» толық мүмкіндік береді. Станция соңғы стандарттарға сай. Толығымен автоматтандырылған. Барлық процесс адамның көмегінсіз жүзеге асады. Айталық, алда-жалда апатты жағдай бола қалса, құбырлардың ысырмасы өздігінен жабылып-ашылады. Қазіргі уақытта желілерді қысыммен сынақтан өткізу шаралары жүргізіліп жатыр.
– Станция жұмысының мінсіздігіне көз жеткізу үшін қысыммен тексеру үстіндеміз. Әуелде, іске қосу кезінде аздаған олқылықтар болған, оның барлығы ретке келтірілді. Қазір барлық құрылғы мен қондырғы сағатша істеп тұр. Әзірге газды елді мекенге тарататын желілер жабық тұр. Шағын аудандарда алғашқы ғимараттар пайда болған кезде ашыла бастамақ, – деді Қостанай ауданының әкімі Берік Таңжарықов.
Қазір аталған жобаның жобалық-құндық құжаты әзірленіп жатыр. Газ құбыры құрылысына қажетті қаражат та қарастылырылуда.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Ұлттық өнер – халықтың жадын жаңғыртып, рухын асқақтататын асыл қазына. (далее…)
«Ұлттық қор – балаларға» бастамасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына 2022 жылғы…
Как известно, стадия уголовного досудебного расследования начинается с регистрации заявления, сообщения об уголовном правонарушения. (далее…)
Такие данные озвучены в Карасуском отделе полиции во время проведения заседания круглого стола. (далее…)
Еңбектің жалынына шыдап, маңдай терімен күнкөріс қамын жасап жүрген әр маманның қоғам алдындағы жауапкершілігі өлшеусіз.…
В мероприятии приняли участие прокурор Мендыкаринского района Ерлан Сарсенов, глава района Габит Бекбаев и представители…
This website uses cookies.