Торғай даласына Чехиядан тағы да Пржевальский жылқылары әкелінді

Торғай өңіріне Чехиядан Пржевальский жылқыларының кезекті партиясы жеткізілді. Жабайы жылқының әлемдегі жалғыз түрін сақтап қалуға бағытталған халықаралық жоба аясында жануарлар тарихи мекеніне оралды.

Айта кету керек, бұл тұқым ертеден Қазақстан аумағын мекендеген. Ғалымдардың айтуынша, Амангелді және Жангелдин аудандарының даласы жойылып кету алдында тұрған бұл жануарларды табиғи ортаға бейімдеу (реинтродукция) үшін ең қолайлы аймақ болып табылады.

Алғашқы үйір – бір айғыр мен екі бие осыдан екі жыл бұрын әкелініп, «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватына жіберілген болатын. Олар да Прага хайуанаттар бағынан жеткізілген еді. Бүгінде резерватта 14 жабайы жылқы еркіндікте жайылып жүр.
ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаевтың сөзінше, алғашқы көлікпен келген жануарлар жергілікті климатқа толық үйреніп кеткен.

«Бағдарлама аяқталғанға дейін, яғни 2029 жылға қарай Қазақстанға 40-қа жуық жылқы әкелуді жоспарлап отырмыз. Бұл елдегі жабайы жылқылар популяциясының тұрақты өсуін қамтамасыз етеді. 2024-2025 жылдары келген алғашқы жылқылар қазір табиғатқа жіберілді. Олар біздің климатымызға толық бейімделіп, екі қысты да аман-есен өткерді», – деді комитет басшысы.

Жобаның басты серіктесі – Прага хайуанаттар бағының директоры Ленка Полиакова бұл шараның жаһандық маңызына тоқталды. Оның айтуынша, Пржевальский жылқысы – жер бетінде сақталып қалған жабайы жылқының соңғы тұқымы.

«Біз оларды алдымен қорықтарда өсіріп, кейін реинтродукция бағдарламасы арқылы жабайы табиғатқа қайтарамыз. Бүгін Қазақстанға төрт айғыр әкелдік. Олар осы өңірде жабайы жылқылардың табиғи үйірлерін қалыптастырып, популяцияның әрі қарай дамуы үшін өте маңызды рөл атқарады», – деп атап өтті Ленка Полиакова.

Еске салайық, Пржевальский жылқысы – әлемдегі қолға үйретілмеген, нағыз жабайы жылқының бірегей түрі. Мамандардың мақсаты алдағы жылдары Қазақстан даласында бұл жануарлардың өздігінен өсіп-өнетін дербес популяциясын құру.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Сурет Экология және табиғи ресурстар министрлігінің сайтынан алынды

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Қамыстыда мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Облыс әкімдігінде өткен жиында өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, ауыл шаруашылығы саласын дамыту…

16 часов назад

Қамыстыда 3 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Қамысты ауданында экономиканы әртараптандыру, ауыл шаруашылығы саласын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар…

18 часов назад

Сарыкөл ауданының әкімі жастарға кітап сыйлады

«Кітап оқитын ұлт» идеясы аясында жас ұрпаққа туған өлкенің тарихын танытуға бағытталған игі бастама жүзеге…

18 часов назад

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

3 дня назад

This website uses cookies.