Қазір дер кезінде емделген бүлдіршіндердің жағдайы жақсы
Жаз айларында балалардың арасында түрлі себептерге байланысты инфекция аурулары көбейіп кететіні белгілі. Осы орайда, Жангелдин ауданының орталығы Торғайда кішкентай балалардың арасында іш өту, құсу жағдайлары болып жатыр деген бірнеше шағымды құлағымыз шалып, өңірдегі жағдайды білу мақсатында Жангелдин аудандық аурухананың балалар бөліміне хабарласқанымызда:
– Ауруханаға құсу, іш өту жағдайларымен бес бала келіп қаралды. Олардың ата-аналары балаларының қарбыз жегеннен кейін құсып, іші өткенін айтты. Ауырып келген балаларға қажетті ем жасалды. Дер кезінде емдік шараларын қабылдаған бүлдіршіндердің жағдайлары қазір жақсы, – деді аурухананың балалар медбикесі Жанерке Бекниязева.
Биыл күн ыстық. Балалардың күн ұзақ далада жүрулері де денсаулығына кері әсер етеді. Сондықтан ата-аналардың балаларын тек күн қайтқан кезде ғана далағы шығарғандары дұрыс.
Айгерім БАЙГЕНЖИНА
Об этом сегодня, 18 марта, в ходе инспектирования медицинского объекта сказал аким области Кумар Аксакалов.…
Когда село пустеет, а статус административной единицы упраздняется, на торги выставляются последние свидетельства былой жизни…
Ұзынкөл ауданында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі әлеуметтік жобасы аясында кезекті кездесу өтті. (далее…)
«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - деп бекер айтылмаса керек. (далее…)
Соответствующие данные опубликовали на сайте Управления ветеринарии региона. (далее…)
25 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 2012 жылы туған қыздар арасында бокстан Қазақстан…
This website uses cookies.