Торғайда Жангелдин ауданының «Құрметті азаматы», спорт ардагері әрі ұлағатты ұстаз Ербатыр Сейтқазыұлы Рахатовты еске алуға арналған ерлер арасындағы дәстүрлі волейбол турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.
Екі күнге созылған жарыста командалар тартысты ойын өрнегін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Турнирге жиналған спорт сүйер қауым қатысушылардың шеберлігіне куә болды.
Нәтижесінде 1974 жылы туған азаматтардан құралған команда чемпион атанды. 1975 жылғы ойыншылар күміс жүлдені иеленсе, 1969 жылғы команда үздік үштікті түйіндеді. Ал төртінші орын 1971 жылғы азаматтарға бұйырды.
Жарыс соңында жеңімпаз командалар арнайы кубоктармен және қаржылай сертификаттармен марапатталды. Атап айтқанда, бірінші орын иелеріне 300 мың теңге, екінші орынға 200 мың теңге, үшінші орын алған командаға 130 мың теңге, ал төртінші орын иелеріне 80 мың теңгелік сертификаттар табысталды. Сонымен қатар турнирге қатысқан өзге командалар да сый-сияпатқа ие болды.
Турнир барысында ардагер спортшыларға ерекше құрмет көрсетіліп, иықтарына шапан жабылды. Сондай-ақ 1967 жылғы азаматтар атынан жеңімпаз команда мүшелеріне спорттық киімдер сыйға тартылды.
Бұдан бөлек, жарыс кезінде шебер ойын өрнегімен көзге түскен спортшылар арнайы аталымдар бойынша марапатталып, естелік сыйлықтармен марапатталды.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – Сымбат Кенжеғали
Табиғатқа қамқорлық пен туған жерге жанашырлықты ту еткен қамыстылықтар мектеп ауласында жеміс бағын отырғызды. (далее…)
Жангелдин ауданының тарихы ел тәуелсіздігінің қалыптасу кезеңімен сабақтас. (далее…)
В учреждении образования района Беимбета Майлина создают креативный контент для Instagram, показывая школьные будни педагогов…
Халық ақынының өмірінен сыр шертетін құнды жәдігерлер. (далее…)
2026 жылы Қамысты ауданында елді мекендердің көше жарықтандыру жүйесін жақсарту бағытында бірқатар жұмыс атқарылды. (далее…)
О том, с какого числа вступает в силу требование закона, какой за это предусмотрен штраф…
This website uses cookies.