Торғайдың Қалам-Қарасу ауылында жаңа заманауи спорт алаңы ашылды

Жангелдин ауданына қарасты Қалам-Қарасу ауылында «Жасыл алаң – жарқын болашақ» жобасы аясында жаңа шағын футбол алаңы пайдалануға берілді.

Заманауи спорт нысаны бұқаралық спортты дамытуға және ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізуіне бағытталған.
Салтанатты шараға Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары Еренбол Қайырбекұлы, ауыл әкімі Берік Мұхамбедин және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тойғанбол Нұрханов қатысып, ауыл тұрғындарын айтулы қуанышпен құттықтады. Спорт нысанының ашылу лентасын ауыл әкімі мен ардагерлер кеңесінің төрағасы қиды.

Салтанатты шарадан кейін мерекелік бағдарлама аудандық турнирге ұласты. Жаңа алаңда бақ сынау үшін ауданның әр ауылдық округінен 8 команда жиналды. Алаң маңына киіз үй тігіліп, келген қонақтар мен қатысушыларға ұлттық дастарқан жайылды.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Жаркөл ауылдық округінің командасы жеңіп алды. Екінші орын Тәуіш ауылының командасына бұйырды. Ал үшінші орынды Ахмет Байтұрсынұлы ауылдық округінің командасы алды.

«Жеңіске деген жігері үшін» арнайы номинациясымен Сужарған ауылдық округінің командасы марапатталды.

Турнир барысында ерекше ойын өрнегін көрсеткен спортшылар арнайы аталымдарға ие болды. «Үздік шабуылшы» – Мұрат Төлеубай (Тәуіш ауылы), «Үздік ойыншы» – Олжас Сабыр (Қалам-Қарасу ауылы), «Үздік қақпашы» – Мақсат Жүсіп (А. Байтұрсынұлы ауылдық округі).

Жүлде қорын қалыптастыруға жергілікті демеушілер – Сұңғат Жақсылықұлы, Олжас Қаламбекұлы және Шоқан Қанатбайұлы демеушілік жасады. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Жанар КЕНЖЕБАЙ,
Қалам-Қарасу ауылдық клуб үйінің мәдени ұйымдастырушысы
Суреттерді жолдаған – ауыл әкімдігі

Редактор

Поделиться
Опубликовал
Редактор

Недавние новости

Қамыстыда мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Облыс әкімдігінде өткен жиында өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, ауыл шаруашылығы саласын дамыту…

3 часа назад

Қамыстыда 3 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Қамысты ауданында экономиканы әртараптандыру, ауыл шаруашылығы саласын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар…

5 часов назад

Сарыкөл ауданының әкімі жастарға кітап сыйлады

«Кітап оқитын ұлт» идеясы аясында жас ұрпаққа туған өлкенің тарихын танытуға бағытталған игі бастама жүзеге…

5 часов назад

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

2 дня назад

This website uses cookies.