Туған жер – Торғайға

 Жыл басынан бері Жанкелдин ауданы бойынша 4 маман «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа тұрды.

Торғайда жоғары оқу орны мен колледжді жаңа бітірген жас мамандардың жұмыс таба алмай қиналатын кезеңі артта қалып барады. Өңірде «Жастар практикасы» бағдарламасы кешегі түлектердің кәсіби шыңдалып, бірден тұрақты қызметке орналасуына жол ашып жатыр.

2023-2026 жылдар аралығындағы ресми статистикаға көз жүгіртсек, халықты жұмыспен қамтуды дамыту тұжырымдамасы аясындағы жоспар өңірде жыл сайын артығымен орындалып келеді. Қатысушылардың 70%-дан астамы тұрақты жұмыс тапты. Мансап орталығы мамандарының мәліметінше, соңғы төрт жылда бағдарлама аясында 73 адамды жолдау жоспарланса, іс жүзінде жоспардан тыс 72 жас маман тәжірибеден өтуге мүмкіндік алған.
«Ең бастысы, тәжірибе мерзімін толық аяқтаған 30 жастың 21-і тұрақты жұмыс орнына орналасты. Бұл – бағдарламаға қатысқан жастардың 70%-дан астамы жұмыссыздық мәселесін біржолата шешті деген сөз», – дейді сала мамандары.

Практиканы аяқтаған 10 адамның 8-і тұрақты жұмысқа тұрды. Биыл «Жастар практикасы» практикасы бойынша 4 жас маман жұмыс істеп жатыр, жыл соңына дейін көрсеткіш еселенеді.

Бағдарламаның құрғақ цифрлар емес, нақты адамның тағдырына қалай оң әсер еткенінің жарқын мысалы, Торғай өңірінің тумасы Назерке Сейтбек.
Назерке 2024 жылы Арқалық медициналық колледжін «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша тәмамдап, қолына диплом алады. Алайда, тәжірибесі жоқ жас маманға бірден жұмыс табу оңайға соқпайды. Осы ретте ол Жангелдин ауданының Мансап орталығына жүгінеді. Бағдарлама аясында Назерке 2024 жылдың 12 тамызында Жангелдин аудандық ауруханасына өз мамандығы бойынша жастар практикасына жолданады. Бір жыл бойы уақытша жұмыс орнында өзін жақсы қырынан көрсеткен жас маманның еңбегі еленіп, 2025 жылғы 12 тамызда аурухананың штаттық құрамына тұрақты жұмысқа қабылданады.

«Мемлекеттік қолдаудың арқасында бүгінде өзім сүйетін ісіммен айналысып жүрмін», – дейді қазір емдік-массаж кабинетінде медициналық мейірбике болып жүрген Назерке.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Сурет мансап орталығынан алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31

Просмотров: 2